ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 11-07/664 12.03.2024 ж.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес және «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің 23.02.2024 жылғы № 05-16-345 хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 01-12-244 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Актау Фиш» ЖШС-не 2017 жылғы 27 наурыздағы № 08/126-1/03-2017-СПК жер учаскесін сатып алу-сату туралы келісім шартының негізінде жеке меншік құқығымен тиесілі, көлемі 3,9 гектарды құрайтын, № 4 өнеркәсіптік аймақ, №73 учаскеде орналасқан, кадастрлық нөмірі: 13-200-059-548 жер учаскесіне су тұщыту зауытының құрылысын салу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
- «Актау Фиш» ЖШС-не келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
- «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.
Қала әкімі У. Тналиев
Д.И. Конирова