Ақтауда 21 және 25 шағын аудан аралығындағы автомобиль жолдарының астындағы ескірген кәріз құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған шағын аудандардағы автомобиль жолы 8 наурыздан бастап 23 наурызға дейін уақытша жабылады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімі уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Сондай-ақ, Ақтау қалалық құрылыс бөлімі жер қазу жұмыстары жүргізілетін аумақта заңсыз жүргізілген инженерлік желілер пайда болған жағдайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімнен кешіктірілуі мүмкін екендігін ескертеді.