Ақтау қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету
2024 жылғы 31 наурызда Ақтау қаласында 3 сайлау округтерінде қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. Сайлау кезеңінде жалпы білім беретін мектептерде - 6, колледждерде - 2, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде – 2, спорт кешендерінде - 2 орналасқан 12 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.
Сайлау кезеңінде және дауыс беру күні сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға дауыс беруге арналған үй-жайларға кедергісіз кіру үшін жағдайлар қамтамасыз етілген. Оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, сондай-ақ басқа да қауқары аз азаматтар үшін бөгде адамдардың көмегінсіз жасырын дауыс берулеріне жағдайлар жасалған.
Барлық сайлау учаскелері ғимараттардың бірінші қабатында орналасқан, ыңғайлы пандустармен, тактильді көрсеткіштермен және қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен қамтамасыз етілген.
Сайлау учаскелері сайлау бюллетеніне енгізілген кандидаттар туралы ақпарат, сайлау бюллетенін толтыру үлгісі және өзге де ақпарат (аудио, бейне файлдарда) орналастырылатын компьютерлермен жабдықталатын болады.
Көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдардың сайлау бюллетеньдерін өз бетінше толтыру үшін шаршы ойықтары бар трафареттер дайындалады.
Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ым тілінің аудармашылары тартылуы қарастырылған.
Дауыс беру күні Ақтау қаласында инватакси қызметі ұйымдастырылады.