«Каспий жылу, су арнасы» МКК: магистральдық ауыз су құбырындағы ақауға байланысты қаладағы бірқатар шағын аудандарда ауыз су шектелді

Бүгін, 29.02.2024 жылы сағат 7:00-де «Каспий жылу, су арнасы» МКК жедел-диспетчерлік қызметінің мамандары 24 ш/а облыстық мемлекеттік архив маңындағы 500 мм диаметр магистральдық ауыз су құбырындағы ақауды анықтады. Сағат 9:00-де аталған ауыз су құбырында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «3-орталық сумен жабдықтау торабынан» ауыз су ажыратылды.

Атап айтқанда:
-24 ш/а,ішкі істер департаменті, ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура, автокөлік жуу, АГТС жанармай құю бекеті, Архив, Төтенше жағдайлар департаменті, Әскери-теңіз институты;
-9, 10, 11а,11,12,13,14, 15 ш/а жоғарғы бөлігі;
-16 ш/а 40, 41 үй, «Абырой», «Otpan Towers», «Несібе», «White house» ТҮК;
-17 ш/а «Жанболат», «Дукат» ТҮК.

Диаметрі 500 мм-ді құрайтын 9 метр магистральдық құбырды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 5 арнайы техника және жеке құрамның 11 қызметкері жұмылдырылады. «Каспий жылу, су арнасы» МКК қызметкерлерінің айтуынша, жөндеу жұмыстарының болжамды аяқталу уақыты 16.00.

Дата публикации
29 февраля 2024