Әскерге шақыру !!!
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары – ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап 2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңі басталатынын хабарлаймын.
Осыған орай, Сізге бұл қызметті алу бойынша керекті нұсқаулықты назарыңызға ұсынамын:
(МАҢЫЗДЫ)
- Мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық өтініш беру кезінде Ақтау қаласының тұрғындары және Ақтау қаласында тұрақты тіркелген азаматтар әскери орган таңдау кезінде (Департамент по делам обороны Мангистауской области емес оның астынғы жағына өтіп Управление по делам обороны города Актау таңдауы қажет)
- 18 жасқа толмаған азамат мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш жолдамайды;
- Ақтау қаласына оқуға келген азаматтар немесе уақытша келген азаматтар Ақтау қаласының Қорғаныс істері бойынша басқармасында (әрі қарай – әскери орган) есепте тұрмаған жағдайда электрондық өтінішті өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша әкімдік пен әскери органды таңдап жолдайды;
- Жоғарғы оқу немесе колледжде оқитындар оқу орнынан 3 қосымшаға сәйкес анықтаманы тіркеу арқылы жолдауы қажет. ((Анықтама ішінде: оқу орнының штампы, оқу орнының толық атауы, мамандық атауы, қай курс, анықтама берілген күн, айы, жылы, қандай нысанда оқып жатқаны (күндізгі әлде сырттай), оқу орнын аяқтау мерзімі айы, жылы. Ақпарат үшін: анықтама тиісті жылға берілу қажет, яғни 2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңіне 2023 жылдың анықтамасы қажет (2022 жылғы берілген анықтамаға қабылданбайды). Сондай-ақ сырттай оқып жатырған азаматтардың өтініштері қабылданбайды)).
Ескеру қажет: Бұрын әскерге шақыруды кейінгі қалдыру үшін шешім алған азаматтар, шешімде берілген мерзім аяқталмай жатып, қайтадан мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық өтініш жіберуге болмайды.
Осы хабарламаға жалғанған суреттерде мемлекеттік қызмет алудың үлгісі көрсетілген (студенттер үшін).