Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1
«Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№3 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№3 сайлау учаскесі
Ақтау қаласы, 31а-шағын аудан, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: 31-шағын ауданының № 11, 12, 13, 13/1 үйлері, 31а-шағын ауданының № 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 үйлері, 31б-шағын ауданның № 5, 6, 7 үйлері.»;
№26 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№26 сайлау учаскесі
Ақтау қаласы, 12-шағын аудан, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: 12-шағын ауданының № 34, 35, 40, 42, 43, 53, 54, 55, 56, 57, 59, 60 үйлері, 16-шағын ауданының № 11, 40, 41, 42, 44 үйлері.»;