Ақтау қалалық мәслихатының
«Ақтау қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»
шешім жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ р/с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
|
1 |
Шешім жобасының атауы
|
«Ақтау қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» |
|
2 |
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган |
Ақтау қаласының әкімдігі |
|
3 |
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі |
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес |
|
4 |
Қандай заңнамалық актілерді, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де актілерді немесе тапсырмаларды іске асыру мақсатында жоба енгізіледі
|
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру
|
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері
|
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
6 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
|
|
7 |
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар |
Қарастырылмаған |
|
8 |
Жобада көрсетілген мәселелер құзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысы бұрыштамасының болмау себептері |
қажет емес |
|
9 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтер |
жоқ |
|
10 |
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі |
қажет емес |
|
11 |
Өзге мәліметтер |
жоқ |