Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 шілдедегі №33/382 «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Ақтау қалалық мәслихатының «Ақтау қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2022 жылғы 4 қазанында № 18/145 (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 30247 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қаласындағы бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»;
көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қалалық мәслихат хатшысы С. Зәкенов