2024 жылғы 31 наурыздағы шығып қалған №13, №14, №20 сайлау округтері бойынша Ақтау қалалық мәслихаты депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Ақтау қалалық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 31 қаңтардағы

№4  қаулысына қосымша

 

 

2024 жылғы 31 наурыздағы шығып қалған №13, №14, №20 сайлау округтері бойынша Ақтау қалалық мәслихаты депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

1. Шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлауын тағайындау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 31 қаңтар

                                                          (14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.)

 

2. Сайлау күні туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейін 60 күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 31 қаңтар

 

 (101-б. 6-т.)

 

3. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

(22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

4. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қала әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

6. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірілмей, 2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

 

(17-б. 2-т.)

 

Дата публикации
31 января 2024