Ақтау қаласы әкімдігінің «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-07/1626 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Қ А У Л Ы

№ 11-07/226                                                                                        29.01.2024ж.

 

Ақтау қаласы әкімдігінің

«Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы» 2023 жылғы

27 қыркүйектегі № 11-07/1626 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы  Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                               2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес,                            Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Ақтау аудандық пайдалану бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің хаты бойынша, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласы әкімдігінің «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы» 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 11-07/1626 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         қаулының 1 тармағындағы «3,84 гектар» сандары мен сөздері                  «2,245 гектар бөлігін, кадастрлық нөмірі 13-200-079-200» сандары мен сөздеріне  ауыстырылсын.

қаулының 2 тармағындағы «0,4446 гектар» сандары мен сөздері                  «0,09596 гектар бөлігін, кадастрлық нөмірі 13-200-079-167» сандары мен сөздеріне  ауыстырылсын.

қаулының 3 және 4 тармақтары алынсын.

3 тармақ келесі мазмұнда толықтырылсын:

«3. «Актауский Морской Северный Терминал» ЖШС, жер учаскесін жалдау туралы 2017 жылғы 24 наурыздағы № 512 келісім шарты негізінде, Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытқа кеңейту және пайдалану үшін уақытша пайдалануында тұрған (жалпы көлемі 0,7674 гектардан) көлемі    0,04762 гектар бөлігін, кадастрлық нөмірі 13-200-079-211, № 7 өндірістік аймақ,         № 21 учаскесіне қорғаныс мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжатына тиісті өзгерістер енгізсін.

 

 

Қала әкімі                                                                           У. Тналиев

Дата публикации
29 января 2024