Ақтау қаласындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаулының қосымшасына сәйкес беріліп отырған Ақтау қаласындағы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидалары бекітілсін.
- «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізеді.
Ақтау қаласының әкімі Ұ.Тналиев