Ақтау қаласының әкімдігімен 2023 жылдың 4 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 16.08.2023 жылғы№ 339НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкесАқтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 57(60 кіші топ).

         2023 жылдың 4 тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 64 (ЖАО-5, ХҚКО-26, Эл-47) мемлекеттік қызмет түрінен-13404 қызмет көрсетілді.

 

Оның ішінде Мемлекеттік органарқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны –51,«электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 360, ХҚКО арқылы –6421,  электрондық портал арқылы– 6572 қызмет көрсетілді.

 

         Бас тартылғандар саны – 2398, оның ішінде электрондық түрінде – 1862, қағаз түрінде - 536.

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2023 жылдың 4 тоқсанында 19 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -144) өткізілді.

        

Қазіргі таңда қала аумағында 75 (28 білім беру ұйымдарында,мектепке дейінгі ұйымдарда-32, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. 2023 жылдың 4 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 220 қызмет көрсетілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан сервистік әкімдікте  қала әкімінің орынбасарлары әр апта сайын, ал қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бөлімдері азаматтарды жеке сұрақтарымен күнделікті қабылдап, кеңестер беріліп тізілімге сәйкес қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Сервистік әкімдік арқылы – 411 қызмет көрсетілді.

         Есептік кезеңде мерзім бұзушылық орын алмады.

Дата публикации
16 января 2024