Ақтау қаласының әкімдігімен 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 16.08.2023 жылғы№ 339НҚқаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкесАқтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 66(80 кіші топ).

         2023 жылы қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММжәне 9мемлекеттік мекеме арқылы86 (ЖАО-5, ХҚКО-42, Эл-67) мемлекеттік қызмет түрінен-104846 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде Мемлекеттік органарқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны –198,«электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 1716, ХҚКО арқылы –53904,  электрондық портал арқылы – 49028 қызмет көрсетілді.

 

         Бас тартылғандар саны – 19134, оның ішінде электрондық түрінде – 12194, қағаз түрінде - 6940.

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2023 жылы 81 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -1307) өткізілді.

         Қазіргі таңда қала аумағында 75(28 білім беру ұйымдарында,мектепке дейінгі ұйымдарда-32, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 11380 қызмет көрсетілді.

Дата публикации
16 января 2024