ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№_______ «___»______2020 жыл
Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №645 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 3 тамыздағы №05-10-1298 ақпараттық хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі №645 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген қосымшасың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мелекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
Қала әкімі Н.Қилыбай