4-ші тоқсан есебі

2023 жылға Халық қатысатын бюджетті іске асыру мақсатында 2022 жылы Ақтау қалалық  әкімдігінің ресми сайтында арнайы бөлім (терезе) ашылып, тұрғындар тарапынан 68 ұсыныс қабылданды. Қағидаға сәйкес, дауыс беруге 48 жоба жолданып, халықтың дауыс беру нәтижесі және Сараптамалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 14 жоба өтті.

Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен қаржы бөлінген 14 жоба бойынша келесі жұмыстар атқарылуда:

 

  1. Ақтау қаласының 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 шағын аудандарына биік жаяу жүргіншілер өткелін салу - конкурстық іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай «Ақтау Сервис Құрылыс» ЖШС мердігер мекесімен келісім шарт жасақталып, келесі шағын аудандарға орнатылды:
  • 26 ш/а, Облыстық аурухана алды;
  • 5 ш/а, № 32 тұрғын үй арты;
  • 4 ш/а, «Захаров» паркі;
  • 9 ш/а, № 4 тұрғын үй арты;
  • 3Б ш/а, Политехникалық колледж алды;
  • 12 ш/а, № 13 ЖББО мектебінің алды;
  • 6 ш/а, № 6 ЖББО мектебінің алды;
  • 9а ш/а, теңіз жағалауы, «I LOVE AKTAU» маңы.
  1. 29 шағын ауданындағы Ажар ТК аула аумағын ретке келтіру (балалар ойын алаңы) – конкурстық іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай «Design School» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта жаңадан 210 шаршы метр балалар ойын алаңы, 2 дана орындық және 2 дана қоқыс жәшігі (урна) орнатылды;
  2. Ақтау қаласының 16,17,18,19 шағын аудандарына тротуарлар орнату - жаяу жүргінші жолдарын орнату (қалпына келтіру) жұмыстары жүргізілді;
  3. 11 шағын ауданындағы 20 үй жанындағы шағынаудан ішілік жаяу жүргіншілер жолын төсеу - мердігерлік мекеме анықталып («Magasam» ЖШС), 1300 шаршы метр жаяу жүргінші жолын №18, 19, 20, 21 тұрғын үйлер маңына орнату жұмыстары жүргізілді. Сметалық құжаттамада көрсетілген 1625 шаршы метрден артылып қалған 325 шаршы метр жаяу жүргінші жолын №15 және №10 тұрғын үй аралығына төсеу жұмыстары жүргізілуде;
  4. 28 шағынаудан ішілік абаттандыру (10,12,13 үй аумақтары) - конкурстық іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай «AES Company» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта жаңадан 170 шаршы метр воркаут алаңы, 2 дана орындық және 2 дана қоқыс жәшігі (урна) орнатылды;
  5. 28 шағынаудан ішілік абаттандыру (15,16,17 үй аумақтары) - конкурстық іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай «AES Company» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта жаңадан 170 шаршы метр воркаут алаңы, 2 дана орындық және 2 дана қоқыс жәшігі (урна) орнатылды;
  6. 11 шағын ауданындағы 20 үй алдына ойын алаңын орнату - конкурстық іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай «Design School» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта жаңадан 210 шаршы метр балалар ойын алаңы, 2 дана орындық және 2 дана қоқыс жәшігі (урна) орнатылды;
  7. 17 шағын ауданындағы 99 үй жанынан балалар ойын алаңы мен демалыс аймағын орнату - конкурстық іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай
    «Нәзір» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта жаңадан 185 шаршы метр балалар ойын алаңы, 160 шаршы метр воркаут алаңы, 20 дана жарық шам бағаналары, 14 дана орындық, 14 дана қоқыс жәшіктері (урна) орнатылды;
  8. Приозерный тұрғын массивін абаттандыру (балалар ойын алаңы футбол

алаңымен) - мердігер мекемені анықтауға конкурс жұмыстары жүргізіліп, жаңадан балалар ойын алаңы және спорт алаңы орнатылды;

  1. 33 шағын ауданындағы 32 үй аумағына балалардың ойын, спорт алаңдарын орнату – конкурстық іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай
    «Нәзір» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта жаңадан 207 шаршы метр балалар ойын алаңы және 406 шаршы метр футбол алаңы орнатылды;
  2. Приморский тұрғын массивін абаттандыру (балалар ойын алаңы футбол

алаңымен) - мердігер мекемені анықтауға конкурс жұмыстары жүргізіліп, жаңадан балалар ойын алаңы және спорт алаңы орнатылды;

  1. 28 шағынаудан ішілік абаттандыру (34,35 үй аумақтары) - конкурстық
    іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай «Design School» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта №34 және №35 тұрғын үйлер артына жаңадан 1044 шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, 31 дана орындық, 31 дана қоқыс жәшігі (урна), 31 дана жарық шам бағаналары және
    156 шаршы метр воркаут алаңы (2 дана орындық, 2 дана қоқыс жәшігімен (урна)) орнатылды;
  2. 13 шағын ауданындағы 16-17 үйлер аумағын көгалдандыру - конкурстық
    іс-шаралар өткізілді. Конкурс нәтижесіне сай «Design School» ЖШС мердігер мекемесі жеңімпаз атанды. Келісім-шарт жасақтасып, қазіргі уақытта жаңадан 1400 шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған демалыс орны, 35 дана жарық шам бағаналары, 35 дана орындық, 35 дана қоқыс жәшіктері (урна) орнатылды.
Дата публикации
09 января 2024