ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 11-07/1945 04.12.2023 ж.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының 2023 жылғы 10 қарашадағы № 50-08-14/3346 хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 01-12-786 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Invest Fund «Fuhd bin Abdel Aziz» ЖШС-нің, 16.04.2008 жылғы №20 мүлікті өтеусіз беру туралы шарты негізінде, Өмірзақ ауылы аумағында орналасқан өндірістік база құрылысын салу және пайдалану үшін (кадастрлық нөмірі: 13-200-079-1584) жеке меншік құқығында тұрған көлемі 3,0268 гектар жер учаскесін магистральдық құбыр құрылысы мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
- «Invest Fund «Fuhd bin Abdel Aziz» ЖШС-не келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
- «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.
Қала әкімі У. Тналиев
Д.И. Конирова