Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
2020 жылдың І жартыжылдығы бойынша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 83.
2020 жылдың І жартыжылдықта қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігімен және 10 мемлекеттік мекеме арқылы – 38 003 қызмет көрсетілді. Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 15 239, ХҚКО арқылы - 9679, электрондық портал арқылы – 13 085 қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 1848, оның ішінде электрондық түрінде – 1043, қағаз түрінде - 805.
Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты Өмірзақ ауылының әкімдігімен 2 қызмет түрі көрсетіледі. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-2, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-8.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығында өткізілген іс-шаралары
2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 84-ө өкімімен бекітілген «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, қаңтар-маусым айлары аралығында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 8.
Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 14 кемшіліктер анықталды:
Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 31.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар-маусым айлары аралығында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2020 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 36 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны - 4715) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған басылымдар, сұхбаттар және т.б).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 7.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz сайтында көрсетілген.