ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 11-07/1874 20.11. 2023 ж.
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды
бастау туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 05 қазандағы № 01-22/595 хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 12 қазандағы № 01-12/417 қызметтік хаты негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Павел Юрьевич Кузьмичевтың, 2019 жылғы 23 тамыздағы № 889 санды жер учаскесін жалдау туралы келісім шартының негізінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен тиесілі, «Кітаптар, газеттер, журналдар» мобильді павильондарын орналастыру және пайдалану үшін арналған, көлемі 0,0016 гектарды құрайтын, Ақтау қаласы, 1 шағын аудан, «Дружба» МС аялдамасының ауданында орналасқан, кадастрлық нөмірі: 13-200-001-159 жер учаскесіне, автомобиль жолының кеңейтілуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
- Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
- Павел Юрьевич Кузьмичевқа келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
- «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.
- Ақтау қаласы әкімдігінің «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы» 2022 жылғы 06 сәуірдегі №02-02/507 қаулысы жойылсын.
Қала әкімінің
міндетін атқарушы Т. Нурпеисов
Д.И. Конирова