Ақтау қаласындағы «Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)» атауына арналған байқау туралы ЕРЕЖЕ

Ақтау қаласындағы «Үздік аула, үздік аула сыпырушы,

үздік мекеме (бизнес аумағы)» атауына арналған байқау туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер.

 

1.1 «Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)» атауына арналған байқау «Эко Маңғыстау» ҮЕМ-мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылады.

 

1.2 Байқау халық пен мекемелер (ұйымдар, кәсіпорындар) басшыларының үй жанындағы аумақтарды, мекемелердің аумақтарын күтіп-ұстауды, абаттандыруды және көгалдандыруды жақсарту бойынша бастамаларын дамытуға, халықты тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарына тартуға, Ақтау қаласы аумағында өмір сүруге қолайлырақ жағдай жасауға бағытталған.

 

1.3 Сайыс-байқауды өткізу мерзімі: ағымдағы жылдың 10-қарашасы мен 10-желтоқсаны аралығында өткізіледі.

 

1.4           Байқау үш топ бойынша өткізіледі:

 

«Үздік аула» - көпқабатты үйлердің аулалары арасында;

«Үздік мекеме (ұйым, кәсіпорын \ бизнес аумағы)» - Ақтау қаласының аумағында орналасқан мекемелер (ұйымдар, кәсіпорындар) арасында.

«Үздік аула сыпырушы» – көппәтерлі үйлерді басқаруды жүзеге асыратын және көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша қызметтерді көрсететін мүлік иелері бірлестіктерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың аула сыпырушылары қатысады.

Бұл номинация аула сыпырушылардың бұқаралық мамандық жұмысшысы ретіндегі еңбегінің беделін арттыру мақсатында өткізіледі.

1.5. Байқауды өткізу және оның қорытындыларын шығару байқауды дайындау және өткізу жөніндегі байқау комиссиясына (бұдан әрі – байқау комиссиясы) жүктеледі. 

 

Байқау комиссиясының негізгі қызметтері:

- байқауға қатысушылардың өтінімдерін (бұдан әрі – өтінім) қарастыру;

- байқауға қатысу үшін тапсырылған материалдар мен құжаттарды (бұдан әрі – байқау материалдары) қарастыру;

- байқаудың қорытындыларын шығару.

 

Байқау комиссиясы комиссия төрағасынан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Байқау комиссиясының хатшысы өтінімдерді, байқау материалдарын қабылдауды, байқау материалдарын жинақтауды және талдауды, байқау комиссиясының отырыстарына ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады. Байқау комиссиясы құрамының жартысынан көбі қатысқан жағдайда өкілетті деп есептеледі. Байқау комиссиясының шешімдері ашық дауыс беру арқылы байқау комиссиясының қатысып отырған мүшелерінің дауыс көпшілігімен қабылданады. Байқау комиссиясының шешімдері хаттамалармен рәсімделеді, оған байқау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.

 

1.6. Байқауға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.

 

          1.7. Ақтау қаласының барлық тұрғындары мен мекемелер (ұйымдар, кәсіпорындар) басшылары байқауға қатысуға құқылы.

 

1.8 Байқауға қатысуға өтінімдерді Ақтау қаласының тұрғын үйлерінің өкілдері, тұрғындары, мекемелер (ұйымдар, кәсіпорындар) басшылары info@ecomangystau.kz электрондық поштасы бойынша (байқау комиссиясының хатшысына), ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін тапсырады. Өтінім осы Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша тапсырылады, сондай-ақ өтінімде аталған нысанның ең кемінде 5 дана фотосуреттері ұсынылады.

 

1.9. Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар «Эко Маңғыстау» ҮЕМ қаражаты есебінен Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында бекітілген сметаның негізінде жүзеге асырылады.

 

1.10. «Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)» атауы үшін байқау өткізу туралы ереже Ақтау қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau?lang=ru ресми ақпараттық интернет-сайтында және «Эко Маңғыстау» ҮЕМ-нің www.ecomangystau.kz ресми сайтында орналастырылады.

 

  1. Байқаудың шарттары

 

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзім ішінде осы Ереженің №1 қосымшасына сәйкес үлгі бойынша байқау комиссиясына өтінім жіберген Ақтау қаласының тұрғыны байқаудың қатысушысы деп танылады. Белгіленген мерзімнен кейін тапсырылған байқау материалдары қарастыру үшін қабылданбайды.

 

2.1. «Үздік аула» атауы төмендегі шарттар орындалған жағдайда беріледі:

- тұрғындардың үй жанындағы аумақты абаттандыру және көгалдандыру, тазалық пен тәртіпті сақтау, сенбіліктерді өткізу, ауланы эстетикалық безендіру жөнінде бастама жасау бойынша бірлескен жұмыстарға қатысуы;

- аула аумағында орналасқан аула жабдықтарының, спорттық құрылыстардың, балалар алаңшаларының сақталуын қамтамасыз етуге тұрғындардың белсенді қатысуы;

- тұрғындардың аула аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға қатысуы.

 

2.2. Ақтау қаласының аумағында орналасқан мекемелер (ұйымдар, кәсіпорындар) арасында «Үздік мекеме (ұйым, кәсіпорын)» атауы төмендегі шарттар орындалған жағдайда берілуі мүмкін:

- санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және сақтау;

- жасыл көшеттердің (ағаштар, бұталар, гүлзарлар мен көгалдар) болуы және оларға күтім жасау;

-бекітілген аумақта арамшөп өсімдіктерінің болмауы;

- жолдардың, тротуарлардың және шағын жолдардың асфальт бетонды жабындарының абаттандырылғандығы;

- сыртқы жарықтандырудың жай-күйі;

- мекеменің (ұйымның, кәсіпорынның) атауы жазылған тақтайшалардың болуы;

- ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерінің үлгілі жай-күйі;

- эстетикалық жағынан безендірілген қоршаулардың болуы;

- спорттық алаңшалардың (немесе мекемелердің (ұйымдардың, кәсіпорындардың) бейініне сәйкес келетін басқа да арнайы алаңшалардың) болуы және жай-күйі;

 

2.3. «Үздік аула сыпырушы» атауын комиссия үй жанындағы аумақтарды тазалауды: қоқыстан тазартуды, қоқыс жәшіктері мен олар орнатылған орындарды тазалауды, тазартуды және санитарлық өңдеуді, контейнерлер мен контейнер алаңшаларының санитарлық жай-күйі, қосымша қызметтерді орындауды (сыртқы жабдықтардың жарамдылығы мен сақталуын қадағалау, жасыл көшеттерге күтім жасау және т.б.) бағалау қорытындылары бойынша береді. Комиссия аула сыпырушының жұмысына қатысты тұрғындардан дәлелді шағымдар мен кінәраттардың бар-жоқтығын ескереді.

 

  1. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібі

 

3.1. Байқау қорытындыларын шығару ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

3.2. Байқау қорытындыларын шығару осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3.3. Байқау комиссиясы тапсырылған өтiнiмдердi 1.8-тармақта белгіленген мерзім ішінде қарастырады және нәтижелерді тіркеу үшін нысанға барады.

3.4. Байқау жұмыстары осы ереженің 2.1; 2.2; 2.3; тармақтарында әрбір топ үшін белгіленген критерийлер бойынша бағаланады;

 

Әрбір критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін ұпайлар қойылады, оларды ұйымдастыру комитетінің ең кемінде екі мүшесі осы Ереженің №2, №3, №4 қосымшаларына сәйкес бағалау парағына енгізеді.

 

Ұйымдастыру комитетінің барлық мүшелері берген ұпайларды қосындылау кезінде ең көп ұпай жинаған қатысушы 1.4-тармақта көрсетілген әрбір топ бойынша байқау жеңімпазы болады, оған I (бірінші орын) беріледі. І (бірінші орыннан) басқа II (екінші), III (үшінші) ) орындар беріледі.

 

Бекітілген сметаға сәйкес жүлде қоры:

1-орын: 100 000 (3 орын)

2-орын: 80 000 (3 орын)

3-орын: 70 000 (3 орын)

 

3.5. Байқау комиссиясының шешімі қорытынды хаттамамен рәсімделеді, оған байқау комиссиясы мүшелерінің ең кемінде жартысы қол қоюы тиіс, жиынтық бағалау парағы қоса беріледі.

 

3.6. Байқаудың қорытындысы шығарылғаннан кейін байқау комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қойған байқау комиссиясының хаттамасы құрастырылады. Жеңімпаздар Ақтау қаласы әкімдігінің құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

 

3.7. «Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)» атауы үшін байқаудың қорытындысы туралы ақпарат Ақтау қаласы әкімдігінің және «Эко Маңғыстау» ҮЕМ-нің ресми ақпараттық интернет-сайттарында орналастырылады.

 

3.8. Жеңімпаздар марапаттау салтанатты іс-шарада өткізіледі, оның өткізілетін күні, уақыты және орны туралы Жеңімпаздарға қосымша хабарланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласындағы «Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)» атауы үшін байқау туралы Ереженің №1 қосымшасы

 

 

 

 

Ақтау қаласындағы «Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)»

 

атауы үшін байқауға қатысуға өтінімнің

 

 ҮЛГІСІ

 

 

Ақтау қаласындағы

«Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)»

атауы үшін байқауды дайындау және өткізу

жөніндегі байқау комиссиясының төрағасына

 

 

«Үздік аула, үздік мекеме (ұйым, кәсіпорын)»

(байқау топтарының бірі аталады)

 

атауы үшін байқауға қатысуға

 

 ӨТІНІМ

 

 

(Тегі, аты, әкесінің аты – жеке тұлғалар үшін, мекеменің атауы және басшының тегі, аты, әкесінің аты – заңды тұлғалар үшін) _________________________________

 

(мекен-жайы бойынша тұратын – жеке тұлғалар үшін, мекен-жайы бойынша орналасқан – заңды тұлғалар үшін) _______________________(топты көрсету) атауы үшін байқаудың қатысушылары қатарына қосуыңызды сұраймын.

 

  Байқаудың  шарттарымен келісемін.

 

           Байланыс телефоны ______________________________.

 

 

 

 

 

 

 

« _________» ___________________ 2023 ж.

 

                    ___________                         ________________

 

                   (қолы)                                     (аты мен әкесі атының бірінші әріптері, тегі)

 

 

Ақтау қаласындағы «Үздік аула сыпырушы»

 

атауы үшін байқауға қатысуға өтінімнің

 

 ҮЛГІСІ

 

Ақтау қаласындағы

«Үздік аула, үздік аула сыпырушы, үздік мекеме (бизнес аумағы)»

атауы үшін байқауды дайындау және өткізу

жөніндегі байқау комиссиясының төрағасына

 

 

«Үздік аула сыпырушы» атауы үшін байқауға қатысуға

 

 ӨТІНІМ

 

 

Байқауға қатысуға өтінімдерді кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қатысушы өз бетінше тапсырады. Өтінім төмендегілерді қамтуы керек:

- Байқауға қатысуға өтінім беруші ретінде іс-әрекет ететін кәсіпорынның немесе ұйымның атауы және басшысының аты-жөні ____________________________________________________________

- Байқауға қатысушы аула сыпырушының тегі, аты, әкесінің аты_______________________________

- Байқауға қатысушының жасы ____________

- Аула сыпырушының сеніп тапсырылған аумақтағы жұмыс өтілі ________________

- Мекемеге қарасты, тазартылуы тиіс аумақтың мекен-жайы және тазартылатын аумақтың ауданы ________________________________________________________________

- Тазартылатын аумақтың сызбасы _______________________________________________

- Аула сыпырушының жұмыс кестесі ___________________________________________________

- Аула сыпырушының жұмысындағы ынталандырушы факторлардың бар-жоқтығы туралы ақпарат _____________________________________________________________________________________

 

 

Байқаудың  шарттарымен келісемін.

 

           Байланыс телефоны ______________________________.

 

 

 

« _________» ___________________ 2023 ж.

 

                    ___________                         ________________

 

                   (қолы)                                      (аты мен әкесі атының бірінші әріптері, тегі)

 

 

 

 

Тексеру нәтижелерін анықтау критерийлері келесі көрсеткіштер болып табылады:

 

Негізгі көрсеткіштер

Ұпайлардың ең көп саны  

Ұпайлық жүйе бойынша нақты бағалау

Үй жанындағы аумақтарды қоқыстан тазалау

5

 

Қоқыстан тазарту

5

 

Қоқыс жәшіктері мен олар орнатылған орындарды тазалау, тазарту және санитарлық өңдеу

5

 

Контейнерлер мен контейнер алаңшаларының санитарлық жай-күйі

5

 

Қосымша қызметтерді орындау (сыртқы жабдықтардың жарамдылығы мен сақталуын қадағалау, жасыл көшеттерге күтім жасау және т.б.)

 

5

 

ЖИЫНЫ

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 ноября 2023