Ақтау қаласының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер арасындағы «Ақтау БАҚ айнасында – 2023» атты байқау туралы ереже

Ақтау қаласының бұқаралық ақпарат құралдарының

өкілдері мен блогерлер арасындағы

«Ақтау БАҚ айнасында – 2023» атты

байқау туралы

ереже

 

 

«Ақтау БАҚ айнасында» байқауының (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырушылары: Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Эко Маңғыстау» ҮЕМ.

 

Байқау Ақтау қаласының 60 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларға жалпы жұртшылықтың назарын аудару үшін өткізіледі, соның ішінде:

- халықты Ақтау қаласы әкімдігінің қызметі туралы объективті түрде ақпараттандыру;

- ақпараттық саясатты қалыптастыру, ресми іс-шаралардың өткізілуін мазмұндық және ақпараттық қамтамасыз ету;

- «Ақтау қаласын ақпараттық-мәдени кеңістікте» жайғастыру, Ақтау қалалық мәслихатының және Ақтау қаласы әкімдігінің қызметі туралы ақпараттың мониторингін жүзеге асыру;

- халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, халық арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету;

- дене шынықтыру мен спортты барынша қолдау, салауатты өмір салтын және алкогольді ішімдіктер ішуден және темекі шегуден бас тартуды насихаттау;

- ұлтаралық қарым-қатынастарға қатысты, интернационализмге, толеранттылыққа және халықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап тәрбиелеуге қатысты мәселелерді баяндау.

- халықты Ақтау қаласы аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру және тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі жұмыстарда белсенді азаматтық ұстанымға тарту;

- шығармашылық белсенділікті ынталандыру, журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру, сондай-ақ Ақтау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәселелерге елеулі көңіл бөлетін бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерге қолдау көрсету және олардың ұмтылысын арттыру.

 

Байқауға журналистер, газеттердің, теле- және радиокомпаниялар редакцияларының ұжымдары, баспасөз қызметтерінің қызметкерлері, блогерлер қатыса алады.

 

Байқауға қатысуға өтінім қоса беріледі.

 

Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары:

  1. Байқауға қатысу үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзім ішінде баспасөз беттерінде, веб-сайттарда (БАҚ ретінде тіркелген) жарияланған, теледидар мен радио арқылы таратылған мақалалар, сұхбаттар, репортаждар, очерктер және басқа да журналистік материалдар, әлеуметтік желілерде жарияланған посттар ұсынылады.

 

  1. Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар тапсырылады:

 

— қатысушының өтініші, онда қатысушыны ұсынған БАҚ басшының тегі, аты, әкесінің аты; қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, телефондары және электрондық поштасы, сондай-ақ материалдың номинациясы, тақырыбы, оның жарияланған (эфирге шыққан) күні мен орны көрсетілуі тиіс; (мақаланың немесе посттың скан-көшірмесі).

 

— теле- және радио хабарлары үшін – эфирлік анықтама.

 

  1. Газеттердің, журналдардың, веб-сайттардың, баспасөз қызметтерінің, теле- және радиокомпаниялардың редакциялары Байқауға жұмыстардың шектеусіз санын номинациялай алады.

 

  1. Материалдар электронды түрде жіберіледі.

 

4.1. Баспасөз материалдары pdf-файлдары түрінде немесе сілтемелер түрінде өтінімге қоса беріледі.

 

4.2. Теле- және радиохабарлар –мұрағатталған файлдарда немесе сілтемелер түрінде өтінімге қоса беріледі.

 

4.3. Веб-сайттардың материалдары – JPEG пішіміндегі кодталған скриншоттар; мұрағатталған файлдарда немесе сілтемелер түрінде өтінімге қоса беріледі.

 

  1. Байқауға ұсынылатын материалдардың тілі – мемлекеттік және орыс тілдері. Байқауға ұсынылатын материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

 

Байқаудың бағалау критерийлері:

— ақпараттық материалдың өзектілігі;

— жарияланымның (хабардың) байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

— баяндаудың мазмұндылығы, жарқындығы және төлдаралығы;

— дамыту бағдарламаларын, жайлы қалалық ортаны құру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағдарламаларын іске асырудың тәжірибелік нәтижелерін бейнелеуі.

 

Байқаудың номинациялары:

— «Болашақты бірге құрамыз!» — Ақтау қаласының дамуы, жетістіктері, экономикалық кеңістік, туризмді дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы.

 

- «Мен ақылды қалада тұрамын!» — жаңа технологиялар, басқару тиімділігі мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қалалық әкімшіліктің жайлы қалалық ортаны қалыптастыру жөніндегі қызметі, жастар саясаты, ұлтаралық байланысты нығайту және т.б. туралы;

 

— «Баспасөз қызметі хабарлайды...» - баспасөз қызметі қызметкерлерінің ең сәтті материалдары: жаңа жобалардың мәнін толыққанды баяндауға, іске асырылған бағдарламалар туралы ақпаратқа деген қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға, тұрғындардың өзекті сұрақтарына барынша толық және тақырыпқа сай жауап беруге мүмкіндік берген мақалалар, сұхбаттар, репортаждар, есептер; 

 

— «Қаланың тынысы – әкімнің жұмысы» — қала басшысының жұмысы туралы бейнематериалдар, очерктер, фоторепортаждар;

 

— «Қаланың бренд ретіндегі көрінісі» — қаланың көрнекті орындары туралы фотосуреттер мен материалдар, қаланың белгісі(символ) мен көрнекті бейнесі болуға лайықты панорамалар, таныс орындарды жаңа қырынан(ракурс) көрсету.

 

 

Байқаудың әрбір номинация бойынша марапаттары:

 

Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар «Эко Маңғыстау» ҮЕМ қаражаты есебінен Ақтау қаласы әкімдігінің  ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында бекітілген сметаның негізінде жүзеге асырылады.

 

1-орын: - 100 000 (5 орын)

2-орын: - 70 000 (5 орын)

3-орын: - 50 000 (5 орын)

 

 

Байқау жеңімпаздарына «БАҚ айнасындағы Ақтау» байқауының жеңімпазы» атағы беріледі.

 

Байқау жеңімпаздары 1, 2, 3 дәрежелі Дипломдармен марапатталады.

 

Өткізу тәртібі және қорытынды шығару

  1. Байқау материалдарын қарастыру және номинацияларды тағайындау үшін байқау комиссиясы құрылады.
  2. Комиссия мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері, журналистика ардагерлері, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және т.б. болып табылады.
  3. Байқаудың қорытындылары байқау комиссиясымен қарастырылады және бекітіледі. Номинацияларды тағайындау туралы шешім байқау комиссиясының отырысында немесе комиссия құрамының ең кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда дауыстардың көпшілігімен қабылданады.
  4. Нақты номинация бойынша сыйлыққа лайықты үміткерлер болмаған жағдайда комиссия қаражатты басқа номинацияларға немесе ынталандыру сыйлықтарына бөлу туралы шешім қабылдауға құқылы.
  5. Бір ізденушіні үштен артық номинацияға ұсынуға болмайды.
  6. Комиссия мүшелерінің байқауға қатысуына рұқсат етілмейді.
  7. Байқаудың соңғы қорытындылары 2023 жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей шығарылады.
  8. Байқау комиссиясы байқауда қосымша номинацияларды тағайындауға құқылы.
  9. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
  10. Әрбір номинация бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар салтанатты іс-шара кезінде табысталады, оның өткізілетін күні, уақыты және орны туралы Жеңімпаздарға қосымша хабарланады.

 

 

Материалдар мен қатысуға өтінім 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін электронды поштамен info@ecomangystau.kz мекен-жайы бойынша «Ақтау БАҚ айнасында» таңбасымен  жіберілуі тиіс. Аталған мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер мен жұмыстар қарастыру үшін қабылданбайды.

Дата публикации
15 ноября 2023