Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды бастау туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ   МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

 

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

№ 11-07/1812                                                                                             07.11.2023 ж.  

 

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы

үшін мәжбүрлеп иеліктен алуды

бастау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағының                                4 тармақшасына, Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы             «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                        1 наурыздағы Заңының 63 бабына сәйкес, «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің            2023 жылғы 16 қазандағы № 03-05-911 хаты, «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 01-12/463 қызметтік хаты  негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Invest Fund «Fuhd bin Abdel Aziz» ЖШС-нің, 16.04.2008 жылғы №20 мүлікті өтеусіз беру туралы шарты негізінде, Өмірзақ ауылы аумағында орналасқан өндірістік база құрылысын салу және пайдалану үшін (кадастрлық нөмірі: 13-200-075-1586) жеке меншік құқығында тұрған көлемі 4,3053 гектар жер учаскесін автомобиль жолының құрылысы салынуына байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі басталсын.
  2. Көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен алу туралы шешім осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап үш айдан кем емес уақытта шығарылсын.
  3. «Invest Fund «Fuhd bin Abdel Aziz» ЖШС-не келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін, Ақтау қаласының әкімдігіне хабарласу ұсынылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарына жүктелсін.
  5. «Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  6. Осы қаулы қабылданған кезінен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға тиіс.

 

Қала әкімі                                                                                    У. Тналиев

 

 

 

 

Д.И. Конирова  

 

Дата публикации
09 ноября 2023