ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі Ақтау қаласының 26 шағынаудан № 11 тұрғын үйден бір бөлмелі пәтер босауына байланысты, Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға сатып алу құқығымен бөлінетіндігін хабарлаймыз.
Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен есепте тұрған Айгерим Жумахановна Масабаева, Юлия Викторовна Бояркина, Мандайлы Сансызбаевна Акназарова, Сергей Борисович Комаров, Артур Сергеевич Маховский, Жазира Куанышевна Байкенова, Абылай Исраилұлы Азнабекиев, Данила Сергеевич Лебедев, Жансат Қайратұлы Досжанов, Сергей Юрьевич Мананников тұрғын үй комиссиясының қарауына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.
Құжат қабылдау сағат 09.00 – 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс
сағат 12.30 – 14.00 аралығы.
Құжат қабылдаудың басталуы – 2023 жылдың «20» қазан сағат 09.00. Құжат қабылдаудың аяқталуы 2023 жылдың «27» қазан 18.30 дейін.
«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.