Ақтау қаласының әкімдігімен 2023 жылдың 3 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 16.08.2023 жылғы № 339 НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 57 (60 кіші топ).

         2023 жылдың 3 тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 64 (ЖАО-5, ХҚКО-26, Эл-47) мемлекеттік қызмет түрінен- 26091 қызмет көрсетілді.

 

Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 46,«электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 349, ХҚКО арқылы – 14598,  электрондық портал арқылы – 11098 қызмет көрсетілді.

 

         Бас тартылғандар саны – 8591, оның ішінде электрондық түрінде – 6521, қағаз түрінде - 2070.

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2023 жылдың 3 тоқсанында 12  түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -100) өткізілді.

        

Қазіргі таңда қала аумағында 75 (28 білім беру ұйымдарында,мектепке дейінгі ұйымдарда-32, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. 2023 жылдың 3 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 930 қызмет көрсетілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан сервистік әкімдікте  қала әкімінің орынбасарлары әр апта сайын, ал қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бөлімдері азаматтарды жеке сұрақтарымен күнделікті қабылдап, кеңестер беріліп тізілімге сәйкес қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

         Есептік кезеңде мерзім бұзушылық орын алмады. Есептік кезеңде шағым түспеді.

 

 

 

 

Ішкі бақылау жұмыстары туралы

 

Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2022 жылғы № 34-ө «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, 3 объектіге ішкі бақылау шарасы жүргізілді (3 мемлекеттік мекеме).

 Тексеру барысында  58 кемшілік анықталды:

  • бизнес процесін бұзу фактілері-25;
  • өзге де кемшіліктер –13;
  • құжаттар пакетінің толық болмауы-3,
  • негіссіз бас тарту – 1,
  • бас тарту мерзімдерін бұзу-14;
  • жұмыс уақытының сақталмауы-2;

Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында 11 ұсыным жолданып, уақытылы орындалды.  

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне ішкі бақылау жұмыстары 07-18.08. аралығында жүргізу жоспарланған. Алайда, 13-07/6 Н/Қ сәйкес, жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты 18-31.08. дейін ұзартылды. Ішкі бақылау жүргізу барысында анықталған кемшіліктер бойынша 11 ұсыным жолданып, қыркүйек айында орындалды. Бөлімнің инспекторына «Сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ішкі бақылау жұмыстары 20.09-03.10. аралығында жүргізілді.

 

Тәжірибе алмасулар

         21-23.09.2023 ж. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен тәжірибе алмасты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, атқарған жұмыстары:

 

24.07.2023 ж. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында жеке қабылдау жүргізді. Қамтылған адам саны-10.

16.08.2023 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, әскери салалары бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді.

        Тікелей эфирде мамандар  мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-150.

24.08.2023 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында қала тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында №1,2 Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының қатысуымен тікелей эфир өтті. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-69.

Ақтау қаласының әкімдігімен 2023 жылдың 3 тоқсанында өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша

 іс-шаралар:

 

 

№

Шара атауы

Уақыты

Орындаушылар

 

 

Адам саны

 

Шілде айы- 2 шара

 

1

Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау

05.07

Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

https://www.instagram.com/p/CuUTEuQsCrm/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

2

Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау

11.07.

Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы

https://www.instagram.com/p/Cu8376UM0cI/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

 

 

 

Тамыз айы- 3 шара (қатысушылар саны-105)

 

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тікелей эфир

04.08.

Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

https://www.instagram.com/reel/CvhO1O7At88/?igshid=ODk2MDJkZDc2Zg==

 

95

2

Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау

10.08

Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі

https://www.instagram.com/reel/CvwzM7JNpZ5/?igshid=ODk2MDJkZDc2Zg==

https://www.instagram.com/reel/Cvwy6kDsBdH/?igshid=ODk2MDJkZDc2Zg==

 

 

 

Қыркүйек айы-  4 шара (қатысушылар саны- 86)

1

Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау

13.09

Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты

https://www.instagram.com/reel/CxH459gs0DN/?igshid=MzRlODBiNWFlZA

https://www.instagram.com/reel/CxH4oT-sajd/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

2

Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау

28.09

Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

https://www.instagram.com/p/Cxuv11FMQHi/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==   
https://www.instagram.com/p/CxuhpcHMrpE/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

 

 

Дата публикации
11 октября 2023