Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 2282 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы ЖОБА

                                                                                                          ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№_______                                                                            «___»______2020 жыл

 

Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы                  15 желтоқсандағы № 2282 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ  ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының

күші жойылды деп тану туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 2282 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3261 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық  актілерінің  эталондық  бақылау  банкінде жарияланған)  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Толегенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С. Гусманға жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                          Н.Қилыбай

Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 2282 «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, «Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
29 июля 2020