Ақтау қаласының 2019 жылғы бюджетінің орындалысы туралы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ
2019 жылдың қалалық бюджеті кірістер бойынша жоспары 2018 жылдың 29 желтоқсанында № 21/237 қалалық мәслихат шешімімен -32 168 752,8 мың теңге сомасында, шығыстар 29 721 572,2 мың теңге көлемінде бекітілді.
2019 жыл ішінде қалалық бюджетке 4 рет түзетулер мен 6 рет нақтылау енгізілді.
2020 жылдың 1 қаңтарына қала бюджетінің кірістерінің нақтыланған жоспары 39 059 615,6 мың теңгені құраса, шығындары 38 982 284,0 мың теңгені құрады.
01.01.2020 жылға қаланың бюджетіне 39 554 066,6 мың теңгеге салықтар мен түсімдер түсті, болжамдалғаны 39 059 615,6 мың теңге, немесе 101,3%.
2019 жылға Ақтау қаласы бюджетінің шығыстары 41 434 167,5 мың теңгеге жоспарланып, 39 446 181,9 мың теңгеге орындалды немесе 95,2% игерілген. Тиісті жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 121,4%, оның ішінде:
- жергілікті бюджет есебінен орындалысы 24 444 409,4 мың теңге, жоспарланғаны 24 481 234,5 мың теңге, яғни 99,8% игерілді;
- республикалық трансферттер есебінен орындалысы 14 497 985,0 мың теңге, жоспарланғаны 14 589 145,5 мың теңге, яғни 99,4% игерілді;
- бюджеттік кредиттер 2 363 787,5 мың теңге жоспарланып, 503 787,5 мың теңге игерілді, яғни 21,3% , облыстық бюджеттен қарыздардың түспеуі салдарынан;
2019 жылы Ақтау қаласы бюджетіне аталған қаражаттан 507 787,5 мың теңгесі түсті, ал жоспар бойынша -2 363 787,5 мың теңге қаралған, түспегені 1 860 000,0 мың теңге.
2019 жылы жалақы мен міндетті төлемдер бойынша 7 971 322,5 мың теңгені құрайтын шығындар жасақталған немесе жалпы шығын көлемінің 20%-ды құрайды, зейнетақы жарналары 752 095,9 немесе 1,9%. ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар –138 681,5 мың теңге, немесе 0,4%, қорларды сатып алуға 334 635,9 мың теңге немесе 0,9%, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу бойынша –10 173 020,4 мың теңге, немесе 25,5%, өзге де ағымдағы шығындар – 871 563,7 мың теңге, немесе 2,2%, ағымдағы трансферттер 3 101 618,2 мың теңге, немесе 7,8%, күрделі шығындар 14 034 556,7 мың теңге, немесе 35,2%, заемдарды, сыйақылар мен өзге төлемдерді төлеу және бюджетті кредиттер бойынша 2 448 096 мың теңге,немесе 6,1%.
2019 жылы Ақтау қаласының бюджетінің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қалдық 622 436,9 мың теңгені құрайды.
Қалалық бюджеттің шығындары функционалдық топ бөлінісінде келесі көлемде көзделді:
1-ші функционалдық топ бойынша «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» 01.01.2020 жылға жоспар бойынша – 481 015,1 мың теңге, кассалық орындалысы 466 665,3 мың теңгені құрады, немесе 97,0%. Ол жалпы шығын көлемінің 1,2% құрайды.
2-ші функционалдық топ бойынша «Қорғаныс» жоспар бойынша 40 963,6 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 40 82,9 мың теңгені құрайды, немесе 99,7%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,1% құрайды.
3-ші функционалдық топ бойынша «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық - атқару қызметі» жоспар бойынша 83 238,7 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 82 187,6 мың теңгені құрады, немесе 98,7%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,2% құрайды.
4-ші функционалдық топ бойынша «Білім беру» жоспар бойынша 14 998 425,9 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 14 990 590,8 мың теңгені құрады, немесе 99,9%. Ол жалпы шығын көлемінің 37,6% құрайды.
6-ші функционалдық топ бойынша «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» жоспар бойынша 3 618 031,2 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 3 532 234,6 мың теңгені құрады, немесе 97,6%. Ол жалпы шығын көлемінің 8,9% құрайды.
7-ші функционалдық топ бойынша «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» жоспар бойынша 15 443 983,9 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 13 566 181,4 мың теңгені құрады, немесе 87,8%. Ол жалпы шығын көлемінің 34% құрайды.
8-ші функционалдық топ бойынша «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік» жоспар бойынша 692 189,9 мың теңгені құрайды, кассалық орындалысы 690 689,8 мың теңгені құрады, немесе 99,8%. Ол жалпы шығын көлемінің 1,7% құрайды.
9-ші функционалдық топ бойынша «Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» жоспар бойынша 1 779 276,0 мың теңге, кассалық орындалысы 1 777 315,0 мың теңгені құрады, немесе 99,9%. Ол жалпы шығын көлемінің 4,5% құрайды.
10-ші функционалдық топ бойынша «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» жоспар бойынша 103 008,1 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 102 214,8 мың теңгені құрады, немесе 99,2%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,3% құрайды.
11-ші функционалдық топ бойынша «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» жоспар бойынша 128 936,7 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 122 705,7 мың теңгені құрады, немесе 95,2%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,3% құрайды.
12-ші функционалдық топ бойынша «Көлік және коммуникация» жоспар бойынша 1 683 265,5 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 1 680 783,5 мың теңгені құрады, немесе 99,9%. Ол жалпы шығын көлемінің 4,2% құрайды.
13-ші функционалдық топ бойынша «Басқалар» жоспар бойынша 47 625,3 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 47 625,2 мың теңгені құрайды, немесе 100 %. Ол жалпы шығын көлемінің 0,1% құрайды.
14-ші функционалдық топ бойынша «Борышқа қызмет көрсету» жоспар бойынша 8 006,9 мың теңгені құрап, кассалық орындалысы 6 479,5 мың теңгені құрайды, немесе 80,9%.
15-ші функционалдық топ бойынша «Трансферттер» жоспар бойынша 277 480,1 мың теңгені құраса, кассалық орындалысы 277 480,1 мың теңгені құрады, немесе 100%. Ол жалпы шығын көлемінің 0,7% құрайды.
Сонымен қатар, кредиттік шарт бойынша 2 448 096 мың теңге қарыздарды өтеу жоспарланып, уақытылы толық көлемде облыстық бюджетке қайтарылды.
2019 жыл бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарына қалалық бюджетте 190 528,7 мың теңге кредиторлық берешектер қалыптасты.
Қарыз сомасы 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайымен салыстырғанда 11,9 есеге азайды.
Кредиторлық берешектердің туындау себептері:
- Ақтау қалалық құрылыс бөлімі бойынша құрылыс және қайта салумен байланысты төлемнің 5%-н ұстап қалу есебінен 133 089,9 мың теңге;
- Өмірзақ ауылының қолма-қол ақшаның бақылау шотында қаражат жеткіліксіздігінен -13 415,9 мың теңге;
- Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша қазынашылық органдарына жұмыстарды орындау актілері мен шот-фактуралардың кеш ұсынылуына байланысты - 800,0 мың теңге;
- Ақтау қалалық тұрғын-үй шаруашылығы бөлімі бойынша 666,1 мың теңге, (сот органдарының алқылауындағы берешектер - 461,4 мың теңге және келісім - шарт міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыппұлдар 133,6 мың теңге, 71,1 мың теңге жұмыстарды орындау актілері мен шот-фактуралардың кеш ұсынылуына байланысты);
- Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша құрылыс және қайта салумен байланысты төлемнің 5%-н ұстап қалу есебінен 42 556,8 мың теңге.
2020 жылдың 1 қаңтар жағдайына қалалық бюджет бойынша дебиторлық берешек жоқ.