ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі Ақтау қаласының 22 шағынаудан № 5А тұрғын үйдегі 5 бөлмелі пәтердің 1 (бір) бөлмесіне және 5В тұрғын үйдегі 5 бөлмелі 2 (екі) пәтердің бір-бір бөлмесіне қоныстануға, Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде есепте тұрған азаматтарға жекешелендіру құқығымен бөлінетіндігін хабарлаймыз.

Тұрғын үй алу кезегінде есепте тұрған азаматтар тұрғын үй комиссиясының қарауына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.

  • тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
  • некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
  • аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
  • өтініш берушінің (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама.

Құжат қабылдау сағат 09.00 – 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс

сағат 12.30 – 14.00 аралығы.

         Құжат қабылдаудың басталуы – 2023 жылдың «29» қыркүйек сағат 09.00. Құжат қабылдаудың аяқталуы 2023 жылдың «06» қазан 18.30 дейін.

«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
28 сентября 2023