ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі Ақтау қаласының 27 шағынаудан № 75 тұрғын үйден бір бөлмелі пәтер босауына байланысты, Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға сатып алу құқығымен бөлінетіндігін хабарлаймыз.

Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен есепте тұрған А.Д. Булгаков., А.Ж. Масабаева, Ю.В. Бояркина, М.С. Акназарова, С.Б. Комаров, А.С. Маховский, Ж.К. Байкенова, А.И. Азнабакиев, Д.С. Лебедов, Ж.Қ. Досжанов тұрғын үй комиссиясының қарауына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.

  • тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
  • некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
  • аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
  • өтініш берушінің (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде)

Құжат қабылдау сағат 09.00 – 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.30 – 14.00 аралығы.

Құжат қабылдаудың басталуы – 2023 жылдың «31» тамыз сағат 09.00. Құжат қабылдаудың аяқталуы 2023 жылдың «07» қыркүйек 18.30 дейін.

«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
31 августа 2023