ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі Ақтау қаласының 19А шағынаудан № 12 тұрғын үйден бір бөлмелі пәтер босауына байланысты, Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жекешелендіру құқығынсыз бөлінетіндігін хабарлаймыз.

Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен есепте тұрған Р.Т. Кушерова, Ш.Т. Гилажова, Г.Н. Тагаева, Р.Ж. Ермеков, Ж.Б. Бальджанов, Л.Н. Рощупко, Н.К. Пазылова, А.К. Алпысбаева, С.Б. Турымбетова, Б.Д. Шонкалов, Е.А. Баймчаров, С.К. Битемиров, Г.В. Есибаева, З.О. Ибрагимов, К.К. Каракулова тұрғын үй комиссиясының қарауына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.

  • тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;
  • некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;
  • аумақтық әділет органының (өтініш берушінің және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың жоқтығы туралы) анықтамасын (Қазақстан Республикасы бойынша);
  • өтініш берушінің (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтік қорғау органының анықтамасын не мемлекеттік қызметшінің, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің, ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде)
  • өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама.

Құжат қабылдау сағат 09.00 – 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.30 – 14.00 аралығы.

Құжат қабылдаудың басталуы – 2023 жылдың «31» тамыз сағат 09.00. Құжат қабылдаудың аяқталуы 2023 жылдың «07» қыркүйек 18.30 дейін.

«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
31 августа 2023