Ақтау қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 Ақтау қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде бекітілсін.
  2. Ақтау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 2 мамырдағы «Ақтау қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» №2/8 шешімінің (Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 5 мамырда №4557-12 болып тіркелген) күші жойылсын.
  3. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ақтау қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат хатшысы                                                                 С.Т. Зәкенов

Дата публикации
09 августа 2023