Жоба
Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 748 және
Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурызда № 30/349 «Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы» қаулысы мен шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1.Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақтау қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы» Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 748 қаулысы және Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 наурызда № 30/349 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4186 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтау қаласы мәслихатының шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) азаматтардың жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөнінде жеңілдік белгілеу туралы»;
көрсетілген Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысы мен Ақтау қаласы мәслихатының шешімінің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Ақтау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік, жеңілдікке құқығын растайтын құжаты болған кезде (айына алпыс реттен аспайтын), келесідей азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін:
төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға;
Ақтау қаласының құрметті азаматтарына;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
бала кезінен мүгедектерге;
Чернобыльдағы АЭС апатының зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектеріне;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға;
Көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға;
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға.