2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың облыс халқымен кездесулерде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі
ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
II тоқсан
|
№ |
Іс – шара атауы |
Мерзімі
|
Жауапты орындаушы |
Жауапты әкімнің орынбасары |
Шешу жолдары |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
Өмірзақ ауылы |
|||||
|
1. |
«Приморский» тұрғын массивіндегі «Family Town» тұрғын үйінің жоғары қабатына су қысымының жетіспеушілік мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
«Приморский» т/м « Family Town» тұрғын үйінің жоғары қабатына су қысымының жетіспеушілігін жою мақсатында қосымша су сорғысы құрылғысы орнатылып, қазіргі таңда қалпына келтірілді. Су қысымы 2, 2-5 Ра. |
|
2. |
Өмірзақ ауылы және оған қарасты тұрғын массивтердегі иесіз тұрған жер орындарын анықтау туралы (Өмірзақ ауылының тұрғыны О. Орумбаев) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Жер қатынастар басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Қ. Құлжанов
|
Өмірзақ ауылы және оған қарасты тұрғын массивтерде игерілмеген жерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп, 120 жер учаскесі бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін ҚР «Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не 2023 жылдың 17 сәуірінде №116 шығыс хаты жолданды. |
|
3. |
Рауан тұрғын массивінің сыртқы көшелерін жарықтандыру мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
«Рауан» т/м сыртқы көшелерін жарықтандыру мақсатында «АУЭС» МКК-нан 8 дана жарық бағаналары «Рауан» т/м кіре-берісіне орнатылды. Сонымен сыртқы көшелеріндегі барлық бағаналардың жарық шамдары қалпына келтірілді. https://www.instagram.com/reel/CrOU9YrIO1b/?igshid=MDJmNzVkMjY= Ақпарат үшін: сондай-ақ, 2022ж құрылысы аяқталған «Рауан» т/м автомобиль жолы құрылысының жалғасы, яғни 2-кезеңіне ЖСҚ жасақтауға жобалаушы мекемені анықтау үшін қаржысының бір бөлігін бөлуге алдағы бюджеттік нақтылауға өтінім берілді. Қазіргі таңда жобалаушы мекемені анықтау үшін конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобада бұған дейін құрылыс жобасына кірмей қалған жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, аялдамаларды және барлық көшелерді жарық шамдарымен қамту қарастырылып салынатын болады. |
|
4. |
Рауан тұрғын массивінде аялдама салу мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
2023ж құрылысы аяқталған «Рауан» т/м автомобиль жолы құрылысының жалғасы, яғни 2-кезеңіне ЖСҚ жасақтауға жобалаушы мекемені анықтау үшін қаржысының бір бөлігін бөлуге алдағы бюджеттік нақтылауға өтінім берілді. Қазіргі таңда жобалаушы мекемені анықтау үшін конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобада бұған дейін құрылыс жобасына кірмей қалған жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды, аялдамаларды және барлық көшелерді жарық шамдарымен қамту қарастырылып салынатын болады. Сонымен қатар, «Рауан» т/м аялдама салуға ниет бірдірген кәсіпкерге Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес беру мәселесі де қарастырылып жатыр. |
|
5. |
Спорт зал мәселесі (Өмірзақ ауылындағы спорт зал салу және «Приозерный» тұрғын массивінде спорт нысанын уақытылы аяқтау) (Өмірзақ ауылының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
Бақылауда «Приозерный-3» т/м көп салалы спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, бүгінгі күні спорт кешені 90% дайын. Құрылыс жұмыстарын аяқтау а.ж. тамыз айы. (Мердігер мекеме «Оңдасын строй» ЖШС) Өмірзақ ауылы тұрғындарының сұранысына сәйкес, Өмірзақ ауылы әкімдігінің жанында орналасқан ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдың 30-ға жуық жасөспірімі спорттың қазақша күрес, дзюдомен айналысуда. |
|
6. |
Кәріз мәселесі (Өмірзақ ауылын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу, «Приморский» тұрғын массивінің кәріз жүйесін қалпына келтіру мәселесі) (Өмірзақ ауылының тұрғыны О. Орумбаев, Т. Рашидова, М. Ажигалиев, Серік) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
Бақылауда Қазіргі таңда, Өмірзақ ауылына кәріз құбырын жүргізіп, орталықтандырылған жүйеге қосу бойынша жоба (ЖСҚ) жасақталған болатын. Алайда, жобаға 3 көшеге қосымша кәріз құбырын жүргізуге тұрғындардың және «Ақтау тұрғын үй» МКК өтініші түсті. Осыған орай, қосымша жұмыстарды жобаға қосу жұмыстары аяқталып, жоба сараптамаға жолдануда. «Приморский» т/м сыртында орналасқан магистральдық кәріз жүйесі 24.03.2023ж. толықтай қалпына келтірілді. |
|
7. |
Өмірзақ ауылындағы интернет желісі жылдамдығын арттыру туралы (Өмірзақ ауылының тұрғыны О. Орумбаев) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Цифрлық технологиялар басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Р. Бектемір
|
Өмірзақ ауылының интернет желісінің жылдамдығының 50 мегабайтқа төмендігі анықталды. Осыған орай, қазіргі таңда, «Спец Автоматика Сервис» ЖШС-гі жоғары жылдамдықты 100 мегабайттық интернет желісін жүргізуге бағытталған анықтау жұмыстарын жүргізуде. |
|
8. |
Жұмыссыздық мәселесі (жастар жұмыссыздығы) (Өмірзақ ауылының тұрғыны О. Орумбаев) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ұ. Тналиев
|
Жұмыссыздық мәселесі бойынша Өмірзақ ауылы әкімдігі Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе а.ж. 13 сәуірінде Өмірзақ ауылы «№27 жалпы білім беретін мектебінің» акт залында ауыл азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында ауыл маңында орналасқан өндірістік мекемелердің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрменкеге 50-ге жуық ауыл азаматтары қатысып, 30-ға жуық азамат мекемелердің сұранысына сай түйіндемелерін ұсынды. https://www.instagram.com/reel/CrP0mroouRN/?igshid=MDJmNzVkMjY= Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес, «Ақтау теңіз солтүстік терминалы», «Ақтау теңіз сауда порты», «Казтансойл», өндірістік мекеме өкілдерімен жұмыссыздық мәселесі бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, өндірістік мекеме өкілдері ауыл тұрғындарына «ЕNBEK KZ» порталына бос жұмыс орындарын жариялайтынын, Ал «Ақтау теңіз солтүстік терминалы» ЖШС-нің кадр бөлім түйіндеме қабылдау арқылы жүргізетінін жеткізді. |
|
9. |
Жеке кәсіппен айналысу үшін тұрғындарды мемлекеттік тарапынан көрсетілетін қолдау көрсету үшін түсінік жұмыстарын жүргізу мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны О. Орумбаев) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы, Ауыл шаруашылығы басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
А.ж. 20 сәуірі сағат 15:00-де Өмірзақ ауылы және оған қарасты «Приморский», «Рауан», «Приозерный» т/м жұмыссыз және жаңадан кәсіп бастағысы келетін тұрғындарға мемлекеттік қолдаулар бойынша (грант, субсидия т.б.) толық ақпараттарды түсіндіру және бағыт көрсету мақсатында жиналыс өткізілді. Аталған жиналысқа «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Отбасы банкі» ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармалардың өкілдері қатысып, 2,5% пайыз несие беру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/reel/CrNrEwqoIGN/?igshid=MDJmNzVkMjY=Ақтау Сонымен қатар, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен қала әкімдігі ғимаратының сервис орталығында кәсіпкерлерді қолдау бұрышы ашылғанын хабарлаймын. Аталған бұрыштан кәсіпкерлер сүйемелденетін болады және бухгалтерлік, құқықтық, салық және статистикалық есептілік тапсыруды, бизнес-жоспарды жасақтау жұмыстарын үздіксіз және ақысыз жүргізетін болады. БАҚ беттеріне мемлекеттен көрсетіліп жатырған қолдаулар бойынша ақпараттар aktau_akimdigi және aktau_kasipkerlik парақшаларына үнемі жарияланып отырады. |
|
10. |
Өмірзақ аулының қоқыс мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Қ. Құлжанов
|
Өмірзақ ауылы және оған қарасты т/м санитарлық тазалығын жеке кәсіпкер «Мұқашев», ал тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін жеке кәсіпкер «Сағыев» атқарып отыр. Аталған мердігер мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес, жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, сәуір айында «Мекенім жасыл орманым» атты акциясы аясында, сенбілік жұмыстары жүргізілді. Ауыл маңында орналасқан өндірістік мекемелердің демеушілігімен ауыл маңынан 300 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды. https://www.instagram.com/reel/CrOYr11o-J4/?igshid=MDJmNzVkMjY= https://www.instagram.com/reel/CrOTfoIoTd3/?igshid=MDJmNzVkMjY= |
|
11. |
«Приморский» тұрғын массивінде орналасқан «МАЭК» ЖШС каналы айналасын абаттандыру мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны Н. Құлтөре) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Қ. Құлжанов
|
«Приморский» т/м орналасқан «МАЭК» ЖШС-нің каналы айналасын абаттандыру бойынша Өмірзақ аулы әкімдгінің теңгерімінде болмағандықтан және бюджеттен қаражат қарастыру мүмкіндігі болмауына байланысты, аталған мәселені өз қаражаты есебінен абаттандырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоршау орнату бойынша 2023 жылды сәуір айында «МАЭК» ЖШС Бас директорының өндіріс және БН-350 РҚ жөніндегі бірінші орынбасары М.Игалиевтың атына №118 шығыс хаты жолданды. |
|
12. |
«Приморский» тұрғын массивінде орналасқан кәріз желілерінің иесін анықтау (Өмірзақ ауылының тұрғыны Н. Құлтөре) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
«Приморский» т/м жанындағы №3 өндірістік аймақ аумағында орналасқан кәріз жүйелерінің иесі толықтай анықталды. Одан кейін 18.05.2023 жылы «Казтрансойл», «Ақтау теңіз сауда порты», «МАЭК» ЖШС-і, «Шебер құрылыс» ЖШС-і өкілдері және жеке кәсіпкер В.Шишкиннің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында өндірістік мекеме өкілдеріне істен шыққан кәріз ағынын реттегіш құралдарын, тозығы жеткен кәріз желелерін ауыстыру бойынша тапсырмалар берілді. Казіргі таңда аталған кемшіліктер толықтай жойылды. Сонымен қатар, №3 өндірістік аймақ аумағына ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтардан тазалау жұмыстары жүргізіліп, ой-шұңқырларына 100 тоннаға жуық топырақ төгіліп арнайы техникалардың көмегімен тегістелді. |
|
13. |
Өмірзақ ауылында орналасқан дәрігерлік амбулаториясының жұмыс кестесін ретке келтіру мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Денсаулық сақтау басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ұ. Тналиев
|
Өмірзақ ауылында орналасқан дәрігерлік амбулатория қызметінің жұмыс кестесі ретке келтірілді. Әр аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері 10:00-14:00ге дейін «Рауан» т/м тұрғындарын, сейсенбі, бейсенбі күні 10:00-14:00 аралығында Өмірзақ ауылынының тұрғындарын қабылдап отыр. |
|
14. |
Өмірзақ ауылының автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны Е. Елеуов) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
Өмірзақ ауылының ішкі автомобиль жолдарының 700 м2 алаңына сәуір айында «Қала жолдары» ЖШС ағымдағы шұңқырлы жөндеу жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/reel/CrP1XukIidH/?igshid=MDJmNzVkMjY= https://www.instagram.com/reel/CrP11sRoIYB/?igshid=MDJmNzVkMjY= |
|
15. |
Өмірзақ ауылынан спорттық, мәдени кешендерін және мешіт құрылысын салуға ерікті кәсіпкелердің демеушілігіне сәйкес жер бөлу мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан
|
Жер қатынастар басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, дін істер басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Қ. Құлжанов
|
Өмірзақ ауылынан 200 орындық мәдениет үйін салу бойынша қазіргі таңда жобалаушы мекемені анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жобалау жұмыстарын аяқтау 2023 жылдың IV-ші тоқсанына жоспарланған. Өмірзақ ауылы тұрғындарының сұранысына сәйкес, Өмірзақ ауылы әкімдігінің жанында орналасқан ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдың 30-ға жуық жасөспірімі спорттың қазақша күрес, дзюдомен айналысуда. Мешіт құрылысын салуға демеуші кәсіпкер бар, қазіргі таңда жер учаскесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. |
|
16. |
«Приморский» тұрғын массиві Тенистая, Дачная, Лазурная көшелеріне газ құбырын жүргізу мәселесі (Өмірзақ ауылының тұрғыны Б. Калиев) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
«Приморкий» т/м бір бөлігіне жоба бойынша газ құбыры жүргізілмеген. Осыған орай, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынды. Жоба құны 715 млн.тг. Мердігер мекеме «Алматы Продакшн» ЖШС. Республикалық бюджетке өтінім жолданды. Қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс жұмыстары басталады. |
|
Ақтау қаласы
|
|||||
|
17. |
Қала аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдарында жиналатын суға дер кезінде шара қабылдау мәселесі (Ақтау қаласының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
Ақтау қаласы автомобиль жолдары бойына су жиналатын 9 аумақ анықталды. 01.05.2023 жылы мемлекеттік сатып алу негізінде Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және мердігер мекеме «Компания строй Ивест 2020» арасында Ақтау қалалық ішкі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына шарт жасақталды. Қазіргі таңда қаладағы жаңбыр суы жиналатын 9 дана автомобиль жолдарына суағар (ливневка) құрылғыларын орнату жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда, 16х17х18х19 жол қиылсына, Сары базар алдындағы жол бойына және №9Г автомобиль жолы Жасыл базар маңына суағар салу жұмыстар аяқталды. Қалған 6 аумаққа суағар жүйелерін ұйымдастыру жұмыстары кестеге сәйкес қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Олар: 1) «Олжа» С/О маңы 2) 31б * 31а * 32б * 32а жол қиылысы 3) №1 а/ж Джаз кафесі маңы 4) №18 а/ж Ынтымақ алаңы 5) 14 ш/а «Астана» С/О алды 6) №9 автомобиль жол бойы |
|
18. |
Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі (Ақтау қаласының тұрғыны Ф. Кенаятов, О. Романовская) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Қ. Құлжанов
|
Ақтау қаласын көгалдандыру мемлекеттік-жекешілік әріптестік шарты негізінде жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 7,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2023 жылғы қаражат мөлшері - 1 млрд. 138 млн. теңге. Өңірімізде судың тапшылығын ескере отырып, жасыл-желектерді суару үшін қаланың 4а шағынауданында орналасқан жер асты суының көзі (қуаты жобамен тәулігіне 1,3 мың м3) пайдалануда. Мүмкіндігінше жер асты суының көзін оңтайлы пайдалану мақсатында 2 су қоймасы (110 м3) орнатылды, 2023 жылы су қоймалары қуатын көбейту мақсатында 4а ш/а қосымша 750 м3 су қоймасы орнатылды. Бұл суды қаланың төменгі шағынаудандарына (1, 1а, 3, 3а шағынаудандар, «Ақбота» саябағы) құбыр арқылы 24.03.2023ж. бастап берілетін болады. Қазіргі таңда құбыры тартылып тұр. Қазіргі уақытта қаланың 50% аумағы суару құбырымен қамтамасыз етілді. 2023 жылы Ботаникалық бақ өкілдерімен келісе отырып: - 7 мыңнан астам әр-түрлі ағаш, 20 000 дана бұта, 900 м² раушан гүлдер, 1 000 м² көгал егіледі. Сонымен қатар, қала аумағында тозығы жеткен 56 шақырым суару құбырларын (9, 10, 11, 12, 17, 18, 24, 26, 27, 28, 31а, 31б, 32, 35 шағынаудандар айналасы, 27 мен 16 шағынаудандар арасындағы сквер, «Геологтар» сквері, «Байтерек» сауда үйі алдындағы айналма жол) жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. |
|
19. |
14 ш/а ішілік автокөлік жолдарын жөндеу мәселесі (Ақтау қаласының тұрғыны |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
14 ш/а ішілік автокөлік жолдарын шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды тамыз айында толықтай аяқтау жоспарлануда. Одан бөлек, 14 ш/а ішкі жолдарын, балалар ойын және спорт алаңдарын салу, абаттандыру бойынша бас жоспар жасақталды. Ендігі кезекте, басқа бөлімдерінің жобасы (сәулет-құрылыс бөлімі, смета, экология бөлімі, түсіндірме жазба және т.б.) жасақталуда. Сараптамаға жолдау мерзімі а.ж. қазан айы. |
|
20. |
Қала аумағындағы қоғамдық әжетханаларды іске қосу мәселесі (Ақтау қаласының тұрғыны Н. Воронова) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ж. Қарағаев
|
Қазіргі таңда теңіз жағалауында 5 қоғамдық әжетхана (3 әжетхана «Жартас соқпағы» аумағында, 2 әжетхана 15 ш/а теңіз жағалауында орналасқан) кестеге сәйкес сағат 12:00-ден түңгі 00:00-ге дейін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қосымша қала аумағына 7 әжетхана (14а ш/а «I love Aktau» маңында, 7А ш/а теңіз жағалауы, «Самал» ш/а теңіз жағалауы, 12 ш/а ту тұғыры жанында, 11 ш/а «Ынтымақ» алаңы жанында, «Приморский» теңіз жағалауы 2 дана) орнатылды. Қазіргі таңда инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. |
|
21. |
Жаңа шағын аудандардағы (16,17,18,19) мектептердің аз болуы мәселесі (Ақтау қаласының тұрғыны Ж. Бекеев) |
2023 жыл тамыз – желтоқсан |
Білім басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Ақтау қаласының әкімдігі |
Ұ. Тналиев
|
Бүгінгі таңда құрылысы басталған 18, 19А шағынаудандарда әрқайсысы 1200 орындық 2 мектептің құрылысын жыл аяғында беру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы аясында, Ақтау қаласы бойынша 10 600 орындық 8 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның 6-ның құрылысы осы жылы басталады. Бүгінгі таңда: - 33 ш/а (1200 орынды) және Рауан елді мекеніндегі (300 орынды) мектептің құрылысы басталды; - 16 (1500 орынды) және 17 (900 орынды) ш/аудандардағы мектептер құрылысының конкурсын жариялауға құжаттары рәсімделуде; - 20 ш/а (1500 орынды) мектеп құрылысының конкурсы жарияланды; - 19 ш/а (1200 орынды) мектеп құрылысының жеңімпазы анықталуда. 2024 жылы 4000 орындық 2 мектептің құрылысы, олар: 37 және 38 ш/а 2000 орындық мектептен салу қарастырылған. Аталған мектептер құрылысының тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. |