Ақтау қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы №02-02/236 «Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы
немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының:
2 тармағының 2 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3 тармақша «тұрғын емес үй-жайлардан» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан» деген сөздермен толықтырылсын;
8 тармақша «тұрғын емес үй-жайлар» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындары, қоймалар» деген сөздермен толықтырылсын;
«тұрғын емес үй-жайлардың» деген сөздерден кейін «, орынтұрақ орындарының, қоймалардың» деген сөздермен толықтырылсын.
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы.
Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесінің басқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қалай дауыс бергенін білуге құқылы.».
|
Ақтау қаласының әкімі |
|
Е. Ізбергенов |