Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 09.06.2023 жылғы № 174 НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 66 (80 кіші топ).
2023 жылдың 2 тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 93 (ЖАО-5, ХҚКО-44, Эл-73) мемлекеттік қызмет түрінен- 65394 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 101,«электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 1007, ХҚКО арқылы – 32905, электрондық портал арқылы – 31381 қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 8152, оның ішінде электрондық түрінде – 3819, қағаз түрінде - 4333.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2023 жылдың 2 тоқсанында 24 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -531) өткізілді.
Қазіргі таңда қала аумағында 75 (28 білім беру ұйымдарында,мектепке дейінгі ұйымдарда-32, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. 2023 жылдың 2 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы 10230 қызмет көрсетілді.
Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан сервистік әкімдікте қала әкімінің орынбасарлары әр апта сайын, ал қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бөлімдері азаматтарды жеке сұрақтарымен күнделікті қабылдап, кеңестер беріліп тізілімге сәйкес қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Сервистік әкімдік арқылы қағаз жүзінде барлығы - 706 қызмет көрсетілді.
Есептік кезеңде мерзім бұзушылық орын алмады.
Шағым бойынша
27.04.2023ж. «Kapiz Qurylys» ЖШС-нен «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша шағым түсті. Шағымында жолданған бас тартумен келіспейтігін жазылған. Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлім сұратылып отырған жер учаскесінде әкімшілік ғимарат салынуы керектігі мәтінде бас тарту жолдаған. Шағым өз дәлелін таппады.
24.04.2023ж. аз. Н. Адильбековтан «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша шағым түсті. Шағымында жолданған бас тартумен келіспейтігін жазылған. Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлім сұратылып отырған жер учаскесінде бас жоспарға сәйкес көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілетіндігі туралы мәтінде бас тарту жолдаған. Шағым өз дәлелін таппады.
06.06.2023ж. О. Сәрсенбаевадан «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша шағым түсті. Шағымында жолданған бас тартумен келіспейтігін жазылған.Қағида талаптарына сәйкес қала әкімінің орынбасары Е. Жумагазиннің төрағалығымен тыңдау өткізілді. Қызмет алушыға бас тарту себептері түсіндірілді. Шағым өз дәлелін таппады.
Ішкі бақылау жұмыстары туралы
Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2022 жылғы № 34-ө «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, 2 объектіге ішкі бақылау шарасы жүргізілді (2 мемлекеттік мекеме).
Тексеру барысында 52 кемшілік анықталды:
Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында 24 ұсыным жолданып, уақытылы орындалды.
Қызмет көрсету кезінде заң бұзушылыққа жол берген 3 жауапты маманға тәртіптік шара қолданылды.
Тәжірибе алмасулар
02-06.04.2023ж. Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен тәжірибе алмасты.
19.04.2023ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілері бөлімімен онлайн түрде тәжірибе алмасты.
24.04.2023ж. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен тәжірибе алмасты.
15-19.05.2023ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тәжірибе алмасты.
2023 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендер саны– 2;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, атқарған жұмыстары:
26.06.2023 ж. Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында тұрғын үй, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары салалары бойынша «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылды. Аталған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі С. Қанаев шақырылды. Қабылдау кезінде қала тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңестер беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді. Қамтылған адамдар саны – 20.
09.06.2023 жылы № 13-08/3489 шығыс хатымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қызмет көрсету кезінде туындаған проблемалық мәселелер жолданды.
19.06.2023 жылы № 13-04/7605 шығыс хатымен Маңғыстау облысы әкімі аппаратына «Жасырын қызметтер» бойынша ұсыныс жолданды.
Ақтау қаласының әкімдігімен 2023 жылдың жарты жылдығында өткізілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру бойынша
іс-шаралар:
|
|
№ |
Шара атауы |
Уақыты |
Орындаушылар
|
Адам саны |
|
|
Сәуір айы- 12 шара (қатысушылар саны- 340)
|
||||||
|
20 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
11.04 |
Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты https://www.instagram.com/p/Cq4txZIM81O/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
|
|
||
|
21 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
11.04 |
Ақтау қалалық тұрғын үй инспекция бөлімі https://www.instagram.com/p/Cq7UTioM94f/?igshid=YmMyMTA2M2Y= |
|
||
|
22 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге онлайн жәрмеңке |
12.04 |
Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі https://instagram.com/aktau_akimdigi/live/17911719002652864?igshid=MDJmNzVkMjY=
|
183 |
||
|
23 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
12.04 |
Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі https://www.instagram.com/p/Cq740musrr1/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
|
|
||
|
24 |
ХҚКО да Ашық есік күні |
13.04 |
Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
|
12 |
||
|
25 |
Бос орындар жәрмеңкесі |
14.04 |
Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы
|
50 |
||
|
26 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
18.04 |
Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
https://www.instagram.com/reel/CquWCBWA12-/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
|
|
||
|
27 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тікелей эфир |
19.04 |
Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі https://www.instagram.com/tv/CrNu5gDAr3y/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
|
95 |
||
|
Мамыр айы- 5 шара (қатысушылар саны-105)
|
||||||
|
28 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
02.05 |
Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі https://www.instagram.com/reel/CrutOFkgCcD/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
|
|
||
|
29 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
12.05 |
Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
https://www.instagram.com/p/CsIgv20szNR/?igshid=NjZiM2M3MzIxNA== |
|
||
|
30 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
|
Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі https://www.instagram.com/p/CsjjaSHM_kN/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== |
|
||
|
31 |
Ақтау қаласы аумағында спорт мектептерінде және спорт шаралары өткізілетін орындарда түсіндірме жұмыстары |
17.05 |
Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі |
40 |
||
|
32 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша тікелей эфир |
26.05 |
Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі https://www.instagram.com/tv/CssjnEYIYbn/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== |
65 |
||
|
Маусым айы- 7 шара (қатысушылар саны- 86) |
||||||
|
33 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге онлайн жәрмеңке |
08.06 |
Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
https://instagram.com/aktau_akimdigi/live/18225021211172756?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
|
66 |
||
|
34 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
08.06 |
Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі https://www.instagram.com/reel/CtOCtUEgDNP/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== |
|
||
|
35 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
19.06 |
Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі https://www.instagram.com/p/CtqWpBqMtft/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ== |
|
||
|
36 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
|
Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі https://www.instagram.com/p/Ct_hA5OsQ-u/?igshid=MzRlODBiNWFlZA== |
|
||
|
37 |
Әлеуметтік желіге ақпарат жариялау |
23.06 |
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі https://www.instagram.com/p/Ct0a0rXIlRA/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng== |
|
||
Қала әкімі аппаратының
басшысы А. Нұржаубай