ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ақтау қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі Ақтау қаласының 19А шағынаудан № 12 тұрғын үйден бір бөлмелі пәтер босауына байланысты, Ақтау қаласы әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тұрған халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жекешелендіру құқығынсыз бөлінетіндігін хабарлаймыз.
Тұрғын үй алу кезегінде аталған санатпен есепте тұрған Кушерова Р.Т., Гилажова Ш.Т., Тагаева Г.Н., Ермеков Р.Ж., Бальджанов Ж.Б. тұрғын үй комиссиясының қарауына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс.
Құжат қабылдау сағат 09.00 – 18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс
сағат 12.30 – 14.00 аралығы.
Құжат қабылдаудың басталуы – 2023 жылдың «13» шілде сағат 09.00. Құжат қабылдаудың аяқталуы 2023 жылдың «18» шілде 18.30 дейін.
«Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі.