Ақтау қаласы бойынша мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жоба

 

 

Ақтау қаласы бойынша мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының                                       17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.
  2. «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
11 июля 2023