2023 жылдың 25 маусымында Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Ақтау қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстардың пайыздық көрсеткіші (%):
Айладыр Н.Е. – 26,35%;
Кенжалиев Б.А. – 72,66%;
«Бәріне қарсы» - 0,99%.
Өмірзақ ауылы әкімі болып Кенжалиев Бисенғали Аманғалиұлы сайланды, 1983 жылы туған, жеке кәсіпкер, Ақтау қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.