ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Ақтау қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті саралау туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 11-07/908 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 мамырда № 4573-12 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 - бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ақтау қаласының аумағында жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде – 70 (жетпіс) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге.
|
Ақтау қаласының әкімі
|
Е. Ізбергенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтау қалалық мәслихаты