«Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі секторының кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі бас маманы - бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс 2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет – ресурсына және Ақтау қаласы әкімдігінің сайтына (Aktau.gov.kz) екі тілде жарияланған.
– Конкурсқа қатысатын үміткерлердің жоқтығына байланысты, конкурстық комиссия келесідей шешім қабылдады: «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі секторының кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі бас маманы –бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығының 5-тарау, 63 тармағына сәйкес барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты өткізбей, жалпы конкурс жариялансын.
Персоналды басқару қызметі