Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты уәкілетті мемлекеттік органдардың 2023 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

БҰЙРЫҚ

 

№ 2-б                                                                 «06» маусым 2023 жыл

                           

Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты

 уәкілетті мемлекеттік органдардың

2023 жылға сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V ҚРЗ Заңының 8 бабын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы                19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН,

  1. Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметтеріне /бұдан әрі - Әкімдік/ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жататын Әкімдікке қарасты бөлімдердің тізімі  қарастырылсын.  
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылсын:
  • Ішкі талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • Бөлімдердің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жобалық басқарудың №4 үлгілік базалық бағытын жүзеге асыруға жауапты тұлғалар бекітілсін;
  2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес іс-шара жоспары бекітілсін;
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

        

 

Аппарат басшысы                                                                       А. Нұржаубай

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы әкімі

аппарат басшысының

2023 жылғы «06»  маусым

№ 2 -б бұйрығына 1 қосымша

 

 

Жобалық басқарудың №4 үлгілік базалық бағытын жүзеге асыруға жауапты тұлғалар

 

Өтелгенов                                  қала әкімі аппаратының «Мемлекттік құқықтық-  

Жандос Хизатұлы              жұмыс» бөлімінің бас инспекторы;

 

Мұстафина                             қала әкімі аппаратының персоналды басқару Фарида Сағидоллақызы                       қызметінің басшысы;         

                                              

Сармуханова Шынар             қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет

Мухаммедмуратқызы            көрсетуді мониторингілеу бөлімінің басшысы

Дата публикации
06 июня 2023