№11-07/701 «24» сәуір 2023 жыл
Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 1073
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3891 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.