Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
- «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамысыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.Тлепов).
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы