Ақтау қалалық сайлау комиссиясының Өмірзақ ауылы әкіміне
кандидаттыққа ұсынылғандар туралы
ХАБАР
2023 жылдың 22 мамырында Ақтау қалалық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну жолымен Өмірзақ ауылы әкіміне 3 кандидат – Кенжалиев Бисенғали Аманғалиұлы, Кумбаев Амантай Ясавилевич, Айладыр Нұрсейіт Есмұратұлы құжаттарын келіп тапсырды. Кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына және мемлекет қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.