Ақтау қаласының Өмірзақ ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы және күнтізбелік жоспары

17 мамыр 2023 жыл №29

 

Ақтау қаласының Өмірзақ ауылы әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 3-тармағына сәйкес,  Ақтау қалалық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы әкімінің сайлауы 2023 жылдың 25 маусымына тағайындалсын; 
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылдың 25 маусымына тағайындалған Ақтау қаласының Өмірзақ ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін;
  3. Осы қаулы Ақтау қалалық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын;
  4. Қаулы 2023 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтау қалалық  сайлау

комиссиясының  төрағасы                                                      Е. Скендиров

 

Ақтау қалалық  сайлау

комиссиясының хатшысы                                            М. Сырлыбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясының

17 мамыр 2023 жылғы №29

            қаулысына  қосымша

 

 

2023 жылғы 25 маусымына тағайындалған  Маңғыстау облысы                       Ақтау  қаласының Өмірзақ ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың                                              күнтізбелік жоспары

 

  1. Ауыл әкімінің сайлауын тағайындау

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 17 мамыр

                          (113-1б 2,3 т.)

  1. Сайлау округінің тізімін, шекарасын және қалалық сайлау

комиссиясының орналасқан жерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Ақтау қалалық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 26 мамырдан  кешіктірмей  

                                                                             (22 б.)

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында қалалық сайлау комиссиясының құрамын жариялау

                       Ақтау қалалық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 26 мамырдан  кешіктірмей  

 (13- б. 4- т.)

  1. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 31 мамырдан  кешіктірмей  

                                                                          (17-б. 2-т.)

 

 

  1. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Ақтау қаласының  әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 31 мамырдан  кешіктірмей  

                                                                    (23-б. 5-т.)

 

  1. Кандидаттарды ұсыну

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеріс болмаса, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

2023 жылғы 18 мамыр – 30 мамыр жергілікті уақытпен сағат 18:00-аралығында

                                                               (113-3 б. 1,5 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау  

 Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

                                                         (4 - б.2 тт, 113-2 б. )

 

  1. Әкімдікке кандидаттардың  сенім  білдірілген адамдарын тіркеу  және

оларға тиісті куәліктер беру

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

                                                        (14 б. 8-1 тт., 31 б.)

 

  1. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдауға

қол жинау үшін  қол қою парағын беру

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін 3 күн мерзімде                                                                          (113-4 б.)

 

 

 

  1. Әкімдікке кандиттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу

Қалалық сайлау комиссиясы паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып.

Аумақтық сайлау комиссиясы қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін 3 күн мерзімде

                                                                  (113-4 б. 7т.)

  1. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

                            Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар

                            Кандидатты тіркеуге дейін

                                                                                             (113-5 б. 2 т.)

  1. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына                     2023 жылдың 1 мамырына  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны  ұсыну

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркеуге дейін

                                                                 (113-5 б. 3 т.)

  1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларацияланған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап 5 күн ішінде

                                                                 (113-5 б. 3 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктерін беру

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен 20 күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

2023 жылғы 04 маусым жергілікті уақытпен               18:00-де аяқталады

                                                                         (113-5б.) 

Кандидаттың құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеру жүргізу үшін жіберу

Ұлттық қауіпсіздік органдары

Құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап жіберіліп, ҰҚ органдарымен құжаттар алынған кезден бастап 30 күн ішінде нәтижелері алынады

                                                                                                       (113-5 б. 4 т.)

 

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарына кандидаттардың тіркелгені туралы

хабарлау

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

                                                                 (113-5 б. 9 т.)

  1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

Ақтау қаласы әкімдігі және Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

                                                                      (28 б. 6 т.)

  1. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2023 жылғы 04 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ден кейін басталып, 24 маусымда  жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады

                                 (27 б. 2 т.)

  1. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Ақтау қаласы әкімдігі және Ақтау қалалық

сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                           (28 б. 4 т.)

  1. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

                                 Ақтау қаласының  әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2023  жылғы 04 маусымнан  кешіктірмей

                                                                           (24 б. 5 т.)

  1. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда

2023  жылғы 10 маусымнан  кешіктірмей

                                                                           (26 б. 1 т.)

  1. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету  

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 15 маусымнан кешіктірмей

                                                    (18 б. 5 тт., 38 б. 2 т.)

  1. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

Қалалық  сайлау комиссиясы

2023  жылғы 22 маусымнан ерте емес және 2023 жылғы  24 маусымнан  кешіктірмей         (37 б. 3 т.)

                                                                       

  1. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2023 жылғы 25 маусым күні жергілікті уақытпен                сағат 06.00                                                     (40 б. 1 т.)

                                                       

  1. Дауыс беруді өткізу

Учаскелік  сайлау комиссиясы

2023 жылғы 25 маусым күні жергілікті уақытпен                 сағат 07:00-ден - 20:00-ге дейін

                                                                         (38 б. 1 т.)

  1. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және тиісті әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

Учаскелік  сайлау комиссиясы

2023  жылғы 25 маусым  жергілікті  уақытпен

сағат  20:00-де  басталады

                                                           (18 б. 8 тт., 43 б.)

  1. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                         (43 б. 8 т.)

  1. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                   (113-8 б. 1т.)

  1. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткеннен кейін үш  күннен кешіктірмей

  • жылғы 28 маусымнан кешіктірмей
    • .)

 

  1. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

  • жылғы 29 маусымнан кешіктірмей
  • б.)
  1. Сайланған әкімді тіркеу және тиісті куәлік тапсыру

Ақтау қалалық  сайлау комиссиясы

Сайлау  өткізілген  күннен  бастап  кейін  7 күн ішінде

Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға, әкім мәртебесімен сәйкес келмейтін өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiш алынғаннан кейін

  • жылғы 01 шілдеден  кешіктірмей

                                             (45 б., 46 б. 3 т., 113-11 б.)

Дата публикации
17 мая 2023