«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс 15 мамырда жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1)отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2)ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3)отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;

4)қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.

Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі – үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.

Конкурс үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), үшінші – ұлттық.

Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде                 (15 мамыр мен 15 маусым айларының аралығы) мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

         2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

         3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

         4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

         5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

         6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

         7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

         8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

         9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

         Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

         Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Аудандық (қалалық) комиссия конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау аяқталған сәттен бастап бір айдан аспайтын мерзімде ( 15 мамыр – 15 маусым) аудандық (қалалық) конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша алынған ақпаратты жан-жақты тексеруді жүзеге асырады, содан кейін                      1 шілдеге дейін екі қатысушының (жанұяның) құжаттарын, өздерінің аудандар (қалалар) әкімдерімен келісілген шешімдерін облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) комиссияға жолдайды.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) комиссиялардан құжаттарды алған сәттен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде (1 шілде - 15 шілде) үздік отбасын іріктеуді жүргізеді, облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) конкурс жеңімпаздары айқындалғаннан кейін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) әкімдерімен келісілген өз шешімдерін ұсынылған құжаттармен бірге «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі Комиссияға жібереді.

Облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы - таныстыру рәсімі);

         2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

         3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;

         4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);

         5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;

         6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

7) отбасының дарындары;   

         8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);

         9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;

         10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім

  1. Отбасы құрамы:

Р\с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

















































  1. Отбасылық өмір тәжірибесі
  2. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар,  отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері)
  3. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып,  еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы  (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының  (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері:
  4. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс  хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі)
  5. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса)
  6. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан  аспайды)
  7. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
  8. Өзге де құжаттар

         Қолы __________

         Күні __________

Дата публикации
15 мая 2023