Ақтау қаласының әкімдігімен 2023 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 13.03.2023 жылғы № 86 НҚ қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 66 (80 кіші топ).

         2023 жылдың 1 тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 86 (ЖАО-5, ХҚКО-42, Эл-67) мемлекеттік қызмет түрінен- 34800 қызмет көрсетілді.

 

Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны – 44,«электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені – 560, ХҚКО арқылы – 17615,  электрондық портал арқылы – 16581 қызмет көрсетілді.

 

         Бас тартылғандар саны – 4179, оның ішінде электрондық түрінде – 1798, қағаз түрінде - 2381.

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2023 жылдың 1 тоқсанында 26  түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -532) өткізілді.

        

Қазіргі таңда қала аумағында 75 (28 білім беру ұйымдарында,мектепке дейінгі ұйымдарда-32, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығы-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10, Өмірзақ ауылы әкімдігі-1, АХАТ ғимаратында-1, Ақтау қалалық орталық кітапханасында-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.

 

Шағым бойынша

Ақтау қаласы әкімдігіне 22.02.2023 жылы аз. Р. Кутлимуратовтан «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша шағым түсті. Шағымында 17.02.2023 жылы жер комиссиясының шешімі негізінде берілген дәлелді бас тарту қаулысымен келіспейтіндігі жазылған. Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі тарапынан арызданушыға 28.02.2023 жылы № ЖТ-202300306437 санды шығыс хатымен жауап жолдады. Шағым өз дәлелін таппады.

 

Сервистік әкімдіктер бойынша

 

         Ақтау қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасқан сервистік әкімдікте  қала әкімінің орынбасарлары әр апта сайын, ал мемлекеттік мекеме қызметкерлері,  яғни қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бөлімдері азаматтарды жеке сұрақтарымен күнделікті қабылдап, кеңестер беріліп тізілімге сәйкес қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

         Бұдан бөлек, «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі күрделі жөндеуден өтіп 29 шағын аудандағы «Заветная мечта-2» ғимаратының бірінші қабатына көшірілді.

         Бұл бағытта да халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Бизнес-офис» (Open Space) форматына ауысып, электрондық кезек, ресепшен тіркеу алаңдары арқылы қызмет көрсетуде(Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) тектес). Қызмет көрсету алаңында 4 жұмсақ диван мен 40 адамға арналған күтіп-отыру орындықтарымен жабдықталып, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орналастырылған (Сервистік әкімдік арқылы қағаз жүзінде барлығы - 860 қызмет көрсетілді).

 

Ішкі бақылау жұмыстары туралы

 

Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2022 жылғы № 34-ө «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне сәйкес, 1 объектіге ішкі бақылау шарасы жүргізілді (1 мемлекеттік мекеме).

 Тексеру барысында  29 кемшілік анықталды:

  • бизнес процесін бұзу фактілері-8;
  • өзге де кемшіліктер –4;
  • құжаттардың толық еместігі-13,
  • артық құжаттар талап етуі-4,

Анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта болдырмау мақсатында 12 ұсыным жолданып, уақытылы орындалды.  

Қызмет көрсету кезінде заң бұзушылыққа жол берген 1 жауапты маманға тәртіптік шара қолданылды.

 

Тәжірибе алмасулар

 

14-16.02.2023 ж. Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы С. Сәуіров Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандарымен тәжірибе алмасты.

14.02.2023 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі және Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарына Маңғыстау облысының «ҰАТ» АҚ  мамандарымен «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді.

26.02-03.03.2023 ж. аралығында Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ә. Бурмаков ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің мамандарымен тәжірибе алмасты.

13.03-17.03.2023 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының бас маманы А. Бисенов Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мамандарымен тәжірибе алмасты.

13.03-17.03.2023 ж. Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының бас маманы                     Ж. Кубешова Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің мамандарымен тәжірибе алмасты.

14.03.2023 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары  «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша  Орал қаласының жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен онлайн түрде тәжірибе алмасты.

          31.03.2023 ж. Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы А. Шынжырова Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандарымен тәжірибе алмасты.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, атқарған жұмыстары:

 

10.02.2023 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығында  «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша жеке қабылдау жүргізді. Қамтылған адам саны-40.

 15.02.2023 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы жұмыспен қамту, әскери, жер қатынастары салалары бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді.

            Тікелей эфирде мамандар  мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-62(фотосурет, скриншот жалғанды).

https://www.facebook.com/stories/101736055480524/UzpfSVNDOjE2Mzc5NDE0MTY2NzA3NjM=/?view_single=1&source=shared_permalink&mibextid=W9rl1R

24.02.2023 ж. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке қабылдау жүргізді. Қамтылған адам саны-12.

20.03.2023 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы спорт және дене шынықтыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (спорттық атақтар беру және қоғамдық көліктерді субсидиялау, маршруттарын белгілеу) салалары  бойынша тікелей эфир өткізілді.

         Тікелей эфирде мамандар  мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-27.

31.03.2023 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы сұхбат берді.

            https://www.instagram.com/tv/CqcWrdZIk_3/?igshid=MDJmNzVkMjY=

07.03.2023 ж. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі                            А. Исмагуловтың қатысуымен «Тұрғын үй кезегіне қою», «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтеріне жауапты мамандардың қатысуымен «Қоғамдық қабылдау» жүргізілді.

            Қабылдау кезінде, қала тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша кеңестер беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді. Қамтылған адамдар саны- 35.

17.03.2023 ж. Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне жүргізілген Ішкі бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды талқылау бойынша жиын өтті.Жиында аталған бөлім басшысы А. Кумбаевқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды және алдағы уақытта заң бұзушылықтарға жол бермей нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызмет көрсетуді  қатаң түрде ескертіп, заң бұзушылықтарға жол берген мамандарға тиісті шара қабылдауды тапсырды.

         31.03.2023 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы ХҚКО-ның мамандарымен қызмет алушыларға  егов веб порталы арқылы қызмет алуды және электронды цифрлы қолтаңба алу  бойынша кеңінен түсіндірілді.

           https://www.instagram.com/tv/Cqc6g7JIyOx/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Дата публикации
07 апреля 2023