Алтыншы шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының ШЕШІМІ

ЖОБА

 

Алтыншы  шақырылған  Ақтау қалалық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

 

 

 

Ақтау қаласы                                                           № ____                        2020 жылғы  маусым

                                                                                                   

 

Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №25/238

«Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті

 қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын

 бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. 1. «Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 қарашадағы №25/238 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2571 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:

1) Қоса беріліп отырған Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д. Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                           А. Керелбаев

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                               С. Зәкенов

                                                                 

       Ақтау қалалық мәслихатының
       2020 жылғы  маусымдағы
       №____ шешіміне 1-қосымша

 

       Ақтау қалалық мәслихатының
       2014 жылғы 24 қарашадағы
       № 25/238 шешіміне 2-қосымша

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

 

Елді мекеннің атауы

Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының  тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы

21

 

 

 

 

 

Алтыншы шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының ШЕШІМІ
Дата публикации
23 июня 2020