Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі №2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 16 сәуірдегі №2/18 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4501 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

27 тармақтың 10) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«10) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының санаторийлік-курорттық ұйымдар;»;

7 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«8) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға санаторийлік-курорттық емделу көрсетілетін қызметті берушіден, өтініші бойынша, кірісі есебінсіз, біржолғы, санаторий-курорттық картадан үзінді көшірме ұсынумен.

Шығынды өтеу көрсетілетін қызметті берушіге орындалған қызмет актісі және шот-фактура негізінде, тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде белгіленген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы іске асыру кезінде мемлекеттік бюджет қаражатынан берілетін жолдаманың құнын өтеу ретінде, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес жолдаманың нақты құны мөлшерінде көрсетіледі;»;

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
28 марта 2023