Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 қазандағы № 18/149 «Ақтау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының «Ақтау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2022 жылғы 4 қазандағы № 18/149 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №30142 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ақтау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардың жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай–Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;

4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.                                             

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Шешім
Дата публикации
17 марта 2023