«Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

 

№__________                                                            «____»__________2023 жыл

 

 

 

«Ақтау қалалық тұрғын-үй 

коммуналдық шаруашылығы

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Ережесін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
  2. «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Серикбаев) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Ақтау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
  3. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 1261 және 2018 жылғы 10 шілдедегі №1524 «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулылары жойылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары И.Шагирбаевқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

         Қала әкімі                                                                                Е.Ізбергенов

 

 

Дата публикации
10 марта 2023