Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпан айында өткізілген шаралар

Ақтау қаласы әкімінің аппараты, Сізге «Мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингілеу бөлімінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың ақпан айында атқарылған жұмыстардың ақпаратын төмендегідей баяндайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін  қызмет алушыларға  түсіндіру мақсатында 9  шара өткізілді:

 10.02.2023 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығында  «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі бойынша жеке қабылдау жүргізді. Қамтылған адам саны-40 (фотосурет жалғанды).

 15.02.2023 ж. Ақтау қаласы әкімінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфир арқылы жұмыспен қамту, әскери, жер қатынастары салалары бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді.

       Тікелей эфирде мамандар  мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-62(фотосурет, скриншот жалғанды).

https://www.facebook.com/stories/101736055480524/UzpfSVNDOjE2Mzc5NDE0MTY2NzA3NjM=/?view_single=1&source=shared_permalink&mibextid=W9rl1R

https://instagram.com/aktau_akimat/live/18255372547123200?igshid=YmMyMTA2M2Y=

          17.02.2023 ж. Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша бөлімнің инстаграм парақшасында тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-57 (скриншот жалғанды)

https://www.instagram.com/tv/CowOpWMoxVJ/?igshid=NTdlMDg3MTY=

         

           21.02.2023 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм, Фейсбук) ақпараттар жариялады.

https://www.instagram.com/p/Co9HPvGsAVf/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.facebook.com/100046948263927/posts/pfbid0TWM45KjxbRF5zmGou26nd7VDcBtYgkTTqoC66j2AqQeu91ZSSpNhqsxQwxoRTXTql/?app=fbl

             22.02.2023 ж. Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіге (Инстаграм) ақпарат жариялады және          17.02.2023 ж. бөлімнің инстаграм парақшасында тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-22 (скриншот жалғанды)

https://www.instagram.com/tv/CowpLSBApC1/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

         14-16.02.2023 ж. Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы С. Сәуіров Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандарымен тәжірибе алмасты. 

         14.02.2023 ж. Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі және Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарына Маңғыстау облысының «ҰАТ» АҚ  мамандарымен «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді.

        24.02.2023 ж. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметі бойынша жеке қабылдау жүргізді. Қамтылған адам саны-12.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпан айында өткізілген шаралар
Дата публикации
09 марта 2023